Магистральдық желі дирекциясы әйел қызметкерлерін мерекемен құттықтады

Суретті түсірген автор
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалының директоры Сәкен Рахметов бастаған ұжымның ер азаматтары әйелдер қауымын 8 наурыз мерекесімен арнайы құттықтады. Нақтырақ айтқанда, елордада ҚТЖ бас ғимаратының Б блогында отырған филиалдың бірнеше департаменттеріндегі нәзік жандарды құттықтау үшін ерлер қауымы 20-шы қабаттан бастап 4-ші қабатқа дейін аралап шықты.  

Филиал директорының айтуынша, жалпы еліміздің барлық өңірлеріндегі дирекцияның бөлімшелерінде 6606 әйел еңбек етеді. Соның ішінде 277 әйел елордадағы бас ғимаратта қызмет етуде. 20 қабатта филиалдың Жол және құрылыстар департаменті отырса, 19 қабатта қаржы департаменті мен инвестициялық даму департаменті қызметкерлері жұмыс істейді. Сол сияқты басқа да қабаттарда дирекцияның экономика, энергетика және электрмен жабдықтау,  техникалық даму, автоматика, телемеханика және телекоммуникация, вокзал шаруашылығы, құжаттамалық қамтамасыз ету және тағы басқа департаменттері мен бөлімдері орналасқан. Осы департаменттердегі әйелдерді әр қабаттың фойесінде жинап, мерекемен құттықтаған ерлер қауымы оларға гүл шоқтарын сыйлап, ақ тілектерін арнады. Бірқатар департаменттерде үздік әйел қызметкерлер Алғыс хаттармен марапатталды.  

– Құрметті әйелдер қауымы, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыңызға амандық, қызметте табыс тілеймін! Бізде әйел қызметкерлердің көп екенін ескере отырып, сіздерді арнайы келіп құттықтауды жөн көрдік. Ортамызда гүлдей жайнап жүре беріңіздер!, – деді С. Рахметов.  

 

Қауіпсіздік
24.08.2026
Қауіпсіздікке талап қашан да жоғары
Әлеумет
24.08.2026
Жамбылда 235 бүлдіршінге мектеп құралдары берілді
Жаңалықтар
24.08.2026
ҚТЖ Trip Optimizer және Kinetix-ті қолдануды кеңейтеді
Трансформация
24.08.2026
Олжас Бектенов көлік саласының трансформациясын тексерді
Жаңалықтар
24.08.2026
Қазақстан теміржол транзитін рәсімдеуді алты есе жылдамдатты
Жүк тасымалы
24.08.2026
Биыл ҚТЖ желісімен 184,4 млн тонна жүк тасымалданды
Жаңалықтар
24.08.2026
Қараусыз қалған мал жүк пойызының шұғыл тежелуіне себеп болды
Аймақтар
24.08.2026
Павлодарлық теміржолшылар жас спортшыларға қауіпсіздік ережелерін түсіндірді
Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн

Басқа да жаңалықтар