ҚТЖ 8 наурыз мерекесін атап өтті

Суреттерді түсірген Александр Жабчук
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жылдағы дәстүрмен «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да халықаралық әйелдер мерекесіне орай компанияның ер азаматтарының күшімен салтанатты жиын мен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Биылғы ерекшелік – теміржолшы әйелдерге арнап компанияның еншілес ұйымдары басшыларының өнер көрсетуі болды. Сонымен қатар жиын барысында осы мейрамға орай ұйымдастырылған «Менің мамандығым – менің таңдауым» атты байқаудың қорытындысы жарияланды.  

Бүгінгі таңда еліміздегі теміржолшылардың 23 пайызын әйелдер құрайды.  

«Менің мамандығым – менің таңдауым» байқауына республика бойынша 150-ге жуық теміржолшы әйел қатысқан. Соның ішінен 21 қызметкер сайыс мәресіне іріктеліп алынды. Солардың арасынан бірнеше номинация бойынша жеңімпаздар анықталып, оларды компания төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов пен аппарат басшысы Серік Кеулімжаев арнайы дипломдармен марапаттады. Нәтижесінде «Идеалдарға адалдық» аталымы бойынша Павлодар локомотив пайдалану депосының жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы Наталья Корнилова, «Бәрі де мүмкін» аталымы бойынша Қарағанды магистральдық желілер бөлімшесінің элетромеханигі Қалдыгүл Ибраимова, «Жан-жақтылық» аталымында Семей магистральдық желілер бөлімшесінің өндірістік-техникалық бөлім бастығы Әсел Исабекова, «Ең мықты буын» аталымында Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясы департаментінің бас менеджері Алмагүл Шуншалина, «Болмыстың жеңілдігі» аталымында Автоматтандыру және цифрландыру дирекциясының телекоммуникациялық қызмет көрсету бөлімі бастығының орынбасары Марина Алексеенко, «Күш – махаббатта» аталымында Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі персоналды басқару бөлімінің бастығы Айдана Нұрмашқызы, «Жеңіске шабыттандырады» аталымдары бойынша Қызылорда магистральдық желі бөлімшесі жол бөлімінің жетекші инженері Гүлнар Баймағамбетова, «Көп балалы ана» аталымы бойынша Ақмола ЖТ бөлімшесі бөлім бастығының орынбасары, 9 баланың анасы Жібек Әділбекқызы жеңімпаз деп танылып, марапатқа ие болды.  

Оларға таңнан гүл сыйлап, мерекелік дастархан жайған ерлер қауымы ақ тілектерін де жаудырды. Нәзік жандардың биылғы төл мерекесі қарсаңында теміржолшы ерлер қауымы мерекелік шараға ерекше дайындалғаны байқалды. «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС, «Жолаушылар тасымалы» АҚ, Магистральдық желілер дирекциясы, «Қазтеміртранс» АҚ мен осы кәсіпорындардың департаменттерінің қызметкерлерімен қоса басшыларына дейін сахнаға арулар, аналар жайлы ән айтып шығып, барша көрермендерді таңқалдырды. Қауырт жұмыс арасынан уақыт тауып, кәсібінен бөлек өнер көрсеткен ерлер қауымының бұл тосынсыйына әйелдер риза болды. Концерттік бағдарлама соңын «Нұрлы жол» вокзал кешенінің қызметкерлерінен құралған әншілер тобы «Қазақстан темір жолы» әнімен аяқтады.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды