Жаңа станция – жастар мекені

Жаңалықтар
07.04.2017, 11:42
Салтанат Тағыбергенова Шалқар – Тассай жаңа теміржол тармағында еңбек етеді. Жиырмадан енді асқан жас қыз  енді құрылып-қалыптасып жатқан  Тассай станциясының кезекшісі жанындағы оператор болып қызмет атқарады. Бүгінде бірнеше әріптесімен бірге қызметтік баспанада тұратын Салтанатпен оның жұмыс орнында таныстық. Еліктің лағындай сүйкімді қыздың қимылы жылдам, тірлігі тиянақты, ысылып қалғаны көрініп тұр.  –Еңбек тәжірибем үлкен емес. Дегенмен, жаңадан іске қосылған жолдың бойында жауапты жұмысты атқару мен үшін үлкен мәртебе. Маған артылған осы сенім мен үмітті ақтауға тырысамын. Алғаш еңбек жолым басталған жаңа станциямен бірге менің де тәжірибем шыңдалып келеді, – дейді ол. Салтанат Шалқар ауданы Кеңдала ауылында дүниеге келген. Отбасы, ата-анасы Шалқарда тұрады. Үйдегі төрт баланың тұңғышы болғандықтан  өзінен кейінгі бауырларына үлгі болуым керек деп ойлайды. Жас теміржолшы станцияға іссапармен қатынап жұмыс істеудің бастапқыда ауырға соққанын жасырмайды. Рас, Шалқар мен Тассай арасы алыс емес қой. Дегенмен, жалпы теміржол, оның үстіне әлі түгел қалыптасып үлгермеген жол бойындағы жұпыны станцияға қатынап жұмыс істеу қиын болып көрінсе де, онда өзіңдей жастармен бірге жатақханада тұрғандай бір үйде тұратындары алғашқыда романтика секілді көрініп қызықтырғаны да жасырын емес. –Жұмысқа араласқан күннен бастап романтика жайына қалды. «Білмеген жердің ой-шұқыры көп» демекші бәріне үйреніп, бейімделу қажет болды, талай рет қиналып көз жасымды жанымдағы жігіттерге көрсетпей, жылап алғанымды да жасырмаймын. Бірақ, уақыт өте үйренісе келе, бәрі жеңіл көрінетін болды. Жаңа да жас станцияның алғашқы тарихын жасап жатырмыз деген мақтаныш сезімі бізді шаршатпайды, – деп сыр бөлісті Салтанат.

Асқар Ақтілеу, Ақтөбе

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі