Қазақ және өзбек теміржолшылары өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелерін талқыланды

Жаңалықтар
17.03.2023, 14:14

Шымкент қаласында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС және «Узбекистон темир йуллари» АҚ делегацияларының екіжақты кездесуі өтті. Теміржол көлігі саласындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Елдер арасында теміржол көлігімен жүк тасымалы өсімінің оң қарқыны  атап өтілді. Осы жылдың екі айында Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жүк тасымалдау көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 16% ұлғайып, 5,2 млн тоннаны құрады.

Мемлекетаралық түйісулерде 1,4 мыңнан астам пойыз қабылданып, 1,6 мың құрам тапсырылды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда пойыздар қабылдау 5%, ал тапсыру 25% ұлғайды. Тараптар жүк айналымын арттыру бойынша бірлескен жұмысты жалғастыруға келісті.

Өзбек тарапы Сарыағаш – Келес мемлекетаралық түйісу пункті бойынша тасымалдау көлемін ұлғайту үшін жұп темір жолдарды ұзарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын және екі жаңа электрлендірілген жолдың құрылысы жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазақстандық тарап жүктерді жеткізу мерзімін екі есе қысқартқан Сарыағаш түйісу бағытында жүк тасымалдарын бағыттау жөніндегі жобаны іске асыру туралы айтып берді.

Кездесу қорытындысы бойынша «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС мен «Узбекистон темир йуллари» АҚ арасында Хаттамаға қол қойылды.

 

Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды