Бүгінгі студент  – ертеңгі маман

Жаңалықтар
07.04.2017, 12:07
Он сегіз мың шақырымнан асатын Қазақстан темір жолына қызмет көрсететін мамандар дайындайтын елдегі орта және жоғары оқу орындары. Біз Шымкент және Ақтау көлік колледждеріне хабарласып, қанша студент білім алуда, олардың жұмыспен қамтылуы деген сауалға жауап беруді сұраған едік. Сондықтан, соңғы жылдары  ҚТЖ мен оның филиалдарының  оқу орындарымен тығыз байланыс орнатуы құптарлық іс. Жас ұрпаққа сапалы білім беріп, өндіріске сауатты маман дайындауға екі тарап та мүдделі.  Өткен оқу жылында М.Тынышбаев атындағы ҚазККА қарасты Шымкент көлік колледжін 217 түлек бітіріп, оның 56 пайызы еңбекпен қамтылыпты. Жас мамандарды негізінен «Тальго-Patentes», «Oilers» және  «Шымкент локомотив сервис» ЖШС, «Тұлпар-Тальго» вагон құрастыру зауыты қабылдаған.   Колледж директорының орынбасары Ерзат Өтебергеновтің айтуынша, мемлекеттік грант бағдарламаға сай конкурс арқылы беріледі. Колледж ұстаздары ол үшін тиісті құжаттарын жинап тапсырады. – Жақсы оқитын студенттердің тізімін Ұлттық компания өкілдеріне жібереміз. Сол бойынша олар «ҚТЖ» ҰК»АҚ президенті атындағы стипендияны иемденеді. Одан бөлек, «Магистраль» бағдарламасы аясында ұлттық компания есебінен 4 студент тегін оқиды. Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында теміржол саласына қатысты 12 мекемемен келісімшарт жасастық. Бұл меморандум 3-4 жыл сайын жаңартылады. Тек, соңғы уақытта теміржол мекемелеріне мораторий жарияланып, жұмысқа қабылдап жатқан жоқ, – дейді Ерзат Өтебергенов.                                                                  ***  М.Тынышбаев атындағы ҚазККА-ның тағы бір филиалы – Ақтау көлік колледжі теміржол,  автомобиль көліктері мен коммуникациялар салалары бойынша білікті мамандар дайындайтын мамандандырылған оқу орны. Бүгінгі таңда аймақтың көлік салалары үшін орта техникалық кәсіптік білімді көлік мамандарын дайындайтын Маңғыстау облысы бойынша бірден-бір мамандандырылған колледж саналатын білім ошағында 13 мамандық бойынша күндізгі және сырттай бөлімдерде маман дайындалады. Колледждің күндізгі бөлімінде 880 студент, сырттай оқыту бөлімде 390 студент оқиды. Соның ішінде жергілікті бюджет есебінен  күндізгі бөлімде 290, сырттай бөлімде 40 студент білім алады. Қазіргі таңда «Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару» мамандығына жергілікті бюджеттен  25 студент оқытылып жатыр.  Жыл сайын студенттердің 80 пайызы әр түрлі мамандықтар бойынша жұмыспен қамтылуда. Оқу орнында тікелей теміржол саласына қатысты орта буын мамандардан бөлек техник, электромеханик, техник-құрылысшы, техник-технолог, техник-механик, есепші-тексеруші мамандықтары да қарастырылған.                                                                                        

Динар МЕЙІРМАН  Шымкент

 Әсел ТАҢАТАРОВА, Маңғыстау

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі