Өндірістік қызметкерлердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсарту үшін ҚТЖ желісінде мобильді пункттер орнатылды, деп хабарлайды Rail-news.kz.  

Бұл мобильді пункттер өндірістік жұмысшыларды орналастыруға, демалуға және тамақтануына  арналған. Ауданы 15 м2 болатын пункттер ауа баптағышпен, су жылытқышпен, электр плитасымен жабдықталған және душ бөлмесі де бар. Тамақтану және демалу үшін жиһаздармен, ыдыс-аяқтармен және төсек-орын жабдықтарымен жабдықталған.