«Теміржол білгірлері» кімдер?

Жаңалықтар
18.04.2023, 11:55
Суретті түсірген Олжас АХМЕТОВ
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Әлеуметтік саясат департаментінің ұйымдастыруымен 12 сәуірде басталған «Теміржол білгірлері» интеллектуалдық турниріне қатысуға 55 команда өтініш білдірді. Биыл екінші жыл өткізіліп отырған жарыстың іріктеу кезеңінде Орталық аппарат қызметкерлерінен құралған 9 команда өзара сайысқа түсті.

4 турдан тұратын байқауға Орталық аппарат қызметкерлері оффлайн, ал филиалдар мен еншілес ұйымдар қызметкерлері онлайн түрде қатысты. Ойынның бірінші туры  – қызықты деректер, екіншісі – байланыстыру, үшіншісі – бейне сауал, төртінші тур – логикалық сұрақтар деп аталды. Әр команда 5 адамнан құралды. Жарыстың екінші және үшінші күндері компания филиалдары қызметкерлерінің арасынан құралған командалар өзара сайысты.  

Турнирдің бірінші ойын нәтижесінде финалға 3 команда жолдама алды. Атап айтқанда, заңгерлерден құралған «Legal service» командасы 24 ұпаймен, комплаенс қызметі бойынша «Неудержимые» командасы 23 ұпаймен және былтыр жеңімпаз болған Халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл департаментінің «Феникс» командасы 22 ұпаймен алға шықты.  

Жүргізуші сұрақтарды экранға шығарып және оларға түсініктеме берді. Сұрақ барлық командалар үшін бірдей болды. Әр тур 10 сауалдан тұрды. Ол сауалдардың әрқайсысына жауап беруге командаларға 30 секунд уақыт берілді. Әр дұрыс жауапқа 1 балдан қосылып отырды. Жауаптарды командалар арнайы бланкілерге толтырды. Онлайн форматта қатысқандар жауапты WhatsApp желісі арқылы, оffline форматында қатысқандар қолма қол берді. Ең көп сұраққа жауап берген команда жеңіске жетті.  

Сұрақтардың мазмұнына келсек, бірінші тур – қызықты деректер кезеңінде ғылыми саладағы әлемдік жаңалықтардан сұрақтар қойылды. Мәселен, әлемде ең көп сатылатын тауар қандай, адам денесінің ең жұқа тері қабаты орналасқан бөлігі қайсы, Астананың бас жоспарын жасаған белгілі сәулетші кім деген сияқты сұрақтар қойылды. Екінші турда түрлі көріністер бейнеленген үш суретке қарап, оларды біріктіретін ортақ тақырыпты табу керек болды. Ал үшінші турда «ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов, «Қазкөліккәсіп» ҚБ төрағасының орынбасары Жұпарбек Сәбитов, компанияның аппарат басшысы Серік Кеулімжаев және басқа да басшылар теміржол және кәсіподақ тарихына қатысты бейнесауалдар жолдады. Соңғы тур адам ойының ұшқырлығы мен тапқырлығын екшейтін логикалық сұрақтардан тұрды. Келесі күні ойынға онлайн қатысқан филиал қызметкерлерінен құралған 40-тан астам командаларға да жоғарыдағыдай сұрақтар қойылды.  

Байқаудың екінші күні былтыр осы жарыстың күміс жүлдегері атанған семейлік «Совет шести» және Астанадан «Кто, если не мы?» және «Семей» командалары жеңіске жетті. Ал үшінші күнгі жарыста «ҚТЖ Экспресс» АҚ-дан «Двойной экспрес», «Жолаушылар локомотиві» ЖШС-нен «Diesel», Ақтөбе ЖТ бөлімшесінен «4+1» және Семей ЖТ бөлімшесінен «Пирамида» командалары жоғары ұпай жинады. Барлығы 10 команда жеңімпаз ретінде марапатталып, диплом және арнайы сыйлықтарға ие болды.  

 

Цифрландыру
02.10.2026
Семейде 240 шақырымдық телімде пойыз қозғалысы цифрлық басқаруға көшті
Инфрақұрылым
02.10.2026
Шу вокзалы қайта түледі
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшылар қалашығында жаңа Өнер мектебі бой көтеруде
Жаңалықтар
02.10.2026
«KTZ – ALT INNOVATION»: мүмкіндіктер алаңы
Жаңалықтар
02.10.2026
Бейнет түбі – зейнет
Жүк тасымалы
02.10.2026
ҚТЖ қыркүйекте астық тасымалынан рекорд жаңартты
Аймақтар
02.10.2026
Теміржолшы ардагерлерге құрмет көрсетілді
Жаңалықтар / Мұрағат
02.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №78 02 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
01.10.2026
ҚТЖ ұсынған «Smart Диагностика» жүйесі AІ & Digital Bridge 2026-да таныстырылды
Аймақтар
01.10.2026
Жетісу облысында Үштөбе станциясының вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Цифрландыру
01.10.2026
Алматыда бес елдің теміржол өкілдері қауіпсіздік мәселесін талқылады
Әлемде
01.10.2026
АҚШ-та Siemens-тің жаңа Airo пойыздары жолаушы тасымалдай бастады
Жолаушылар тасымалы
01.10.2026
ҚТЖ барлық бағыттағы теміржол билеттеріне 10% жеңілдік ұсынады
Аймақтар
01.10.2026
Көкшетауда теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
01.10.2026
Қазақстанның теміржол доңғалақтары Еуропаға жол тартады
ҚТЖ келбеті
01.10.2026
67 жылын теміржолға арнаған ардагер
Жаңалықтар
01.10.2026
Алматыда 43 команда студенттік хакатонда ҚТЖ үшін цифрлық шешімдер ұсынады
Жаңалықтар
01.10.2026
БАӘ Қазақстан мен Өзбекстанмен бірге Пәкістанға баратын жаңа теміржол жобасын пысықтады
Аймақтар
30.09.2026
Жамбыл облысында Шу вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
30.09.2026
Құрық порты мен Xi’an Free Trade Port ынтымақтастықты талқылады