Жаңғызтөбеде жүк көбейген
Жаңалықтар
14.04.2017, 12:38
Семей ЖТ бөлімшесінің Жарма-Шар телімінің 817,1 шақырымында орын тепкен 3-ші класты Жаңғызтөбе станциясы жылды табысты бастады. Оған дәлел, жүк тиеу-түсіру жұмыстары алғашқы тоқсанда жылдық динамикаға сай жоғарылау үстінде. Тіпті, жүк тасымалына тұрақты клиент тарту бойынша жаңа ұсыныстар да көптеп түсуде.
Шалғайдағы осынау станцияның жақсы аты жүк және жолаушы тасымалымен танылған. Себебі, Шар мен Жармаға қарай екі бағытта жол тармақталатын станция қызметін Шығыс аймақтың Жарма, Көкпекті, Тарбағатай, Зайсан сынды өңірлері түгел пайдаланады. Келімді-кетімді жолаушы да, тасымалданатын жүктер де көбінесе осы аудандарға тиесілі. Сәйкесінше, мұндағы атқарылар жұмыс та қауырт.
–Жүк айналымы жыл санап өсіп келе жатқаны қуантады. Әсіресе, мамыр-қараша айларында қарқынды еңбек орын алады. Негізінен кентте орналасқан мұнай базасы, әскери бөлімдер мен төрт бірдей ірі қылмыстық түзеу мекемелерінің жүктері тиеліп, түсіріледі. Сонымен қатар, бірқатар аудандар тапсырыс берген тыңайтқыштар, техникалар, ауылшаруашылық өнімдері, көмір де осы станциядан түсіріліп-жөнелтіледі. Соңғы жылдарда жүк айналымында, жалпы өндіріс барысында айтарлықтай өсім байқалады, – дейді станция бастығы, Жаңғызтөбе өңіріне әйгілі Нұрғалиевтар династиясының өкілі Азамат Қанапияұлы.
Айта кетерлігі, жүк тасымалы бойынша жаңа көкжиектер ашылып отыр екен. Мысалы, өңірдегі іргелі зауыт «KazLime Industries» ЖШС құрылыс өнімдерін, шикі әктас тасымалдау үшін ұсыныс білдіріп отыр. Бұл жоба таяу аралықта жүзеге аспақ. Демек, логистика саласы бойынша станцияға жүк түсірер межелі шаралар жетерлік. Жаңғызтөбеден тиелген жүк тек республика ішіне ғана емес, көршілес Ресейге де тарайды.
Станцияда барлық қызмет салаларын қосқанда жүзге жуық теміржолшы бар. Соның шінде станцияда 16 теміржолшы еңбек етеді. Өткен жылды нәтижелі қорытындылаған станциялықтар 296 вагон, 19 027 тонна жүк тиеп, 802 вагон жүк түсірген. Сондай-ақ, маневрлік жұмыстар нәтижесінде 4 82 351 теңгенің таза пайдасы бар. Бұл соңғы жылдардағы жоғары көрсеткіш.
Жалпы, станция қарамағында төрт қабылдау-жөнелту және 10 кірме жолдар бар. Уақытпен санаспай еңбек ететін жаңғызтөбеліктер өз істеріне жауапкершілікпен қарау негізінде кейбір қиындық-кедергіге мойынсынбай жақсы жетістіктерге қол жеткізуде. Атап айтсақ, орталықтандырылмауы себепті бұрмалар қолмен жүзеге асырылады. Сонымен қатар, Жаңғызтөбе кенті орналасқан үстірт Шығыс аймақ бойынша жел дәлізінің өтінде орналасқандықтан мұнда ауа райы аса қатаң. Жылдың төрт мезгілінде де түрлі қолайсыздықтар орын алып жатады.
–Осы жерде туып-өскен жергілікті теміржолшылар үшін мұның бәрі үйреншікті жағдай, сондықтан ең бастысы жүк көбейіп, жұмыс жүрсе, қозғалыс қауіпсіздігін сақтап еңбек етуге дайынбыз, – дейді станция бастығы.
Қуаныш ҚОЖАЕВ,
Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі