Семейлік теміржолшылар қауымы Жеңістің 78 жылдығына арналған мерекелік салтанатты шараға қатысты.
Аталған шараға бөлімше басшысы Владимир Бабичкенко, «Қазақстан салалық теміржол, автомобиль, әуе және су көлігі қызметкерлерінің кәсіби одағы» ҚБ Семей бөлімшесі бойынша өкілі Алик Досанов бастаған бөлімдер мен депо және станциялар басшыларының қатысуымен өтті.

Бір минут үнсіздік жарияланған соң, барша теміржолшылар «Мәңгілік алауға» гүл шоқтарын қойып, ерлік пен елдіктің өшпес даңқына тағзым етті.
Дәл осындай шара станция басшыларының ұйытқы болуымен бөлімшеге қарасты Аягөз, Жаңғызтөбе және Шар станцияларында да өткізілді.

