Вагон паркі үздіксіз жаңаруда

Жаңалықтар
12.05.2023, 10:42
Суретті түсірген Александр ЖАБЧУК
Райхан Рахметова

«Қазақстан теміржолшысы» газетінің тілшісі

Жолаушылар вагоны паркін жаңарту мәселесі қашан да қоғам назарында. «Жолаушылар тасымалы» АҚ вагон паркін жыл сайын кезең-кезеңмен жаңарту жоспарын түзіп, соған сай жұмыс жүргізуде. Алдағы уақытта отандық нарық швейцариялық Штадлер компаниясының технологиясы бойынша жасалған вагондармен толығады.

Бүгінгі таңда Ұлттық тасымалдаушы компанияның вагондар паркінде 2100-ден астам вагон бар болса, оның 1269-ын стандарт вагондар құрайды, бұл – барлық вагондардың 60 пайызы. Сонымен қатар 732 Тальго вагоны және 108 электро-дизель вагоны қолданыста.  

Компанияның бас директоры Жәнібек Тайжановтың айтуынша, осы вагондардың ішінде 1660 вагон, яғни 78 пайызы ауа желдеткіш жүйесімен қамтамасыз етілген. 1204 вагонда биоәжетхана бар. 80 купе вагонда мүмкіндігі шектеулі жандар үшін жағдай жасалған. 2025 жылға қарай әлеуметтік маңызды бағдарларды қимыл-қозғалысы шектеулі жолаушыларға арналған вагондармен 100 пайыз қамтамасыз ету көзделуде. Биыл жыл соңына дейін 13 вагон күрделі жөндеумен қайта жабдықталмақ. Ал 2023-2024 жылдары ерекше жандар үшін 11 купе вагон, ал 2025-2030 жылдар аралығында 35 купе вагон сатып алу көзделуде.  

– Компанияда тазалық пен төсек жабдықтарына қатысты жаңа стандарттар қабылданған, яғни вагондарды тазалау нормативтері қайта қарастырылып, жолаушы пойыздарындағы санитарлық-гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, клининг бойынша жаңа стандарттар әзірленді. 2019 жылдан бастап жолаушыларға жоғары сапалы төсек жабдықтары беріледі. Олар сапасы жоғары матадан жаңа стандарттарға сай тігілген. Жолаушылар жайлылығына бағытталған жұмыстардың нәтижесінде жұмыста клиентке бағдарлану үлесі артты, – дейді бас директор.  

Айтуынша, бүгінгі таңда жалпы парктің 32 пайыз вагондарының мерзімі 20 жылдан асқан. Парктің орташа тозу деңгейі 45,5 пайызды құрайды. Жыл сайын парктен қызмет көрсету мерзімі өткен вагондар шығарылады, 2030 жылға дейін 800-ден астам вагонды есептен шығару жоспарланған. Сондықтан олардың орнын жаңалары басады. 2010-2023 жылдар аралығында компанияның жолаушылар вагоны 50 пайызға жаңарған, бұл – 1236 вагон. Биылдан бастап 2030 жылға дейін вагон паркін жаңарту бойынша қарқынды жұмыстар жүргізілмек. Атап айтқанда, ағымдағы жылы вагон паркі 100 жаңа вагонмен толықпақ, 2025 жылға дейін 207 вагонға қол жеткізу, ал стратегиялық ынтымақтастық туралы келісім аясында Штадлер технологиясы бойынша 537 жаңа жолаушылар вагонын алу көзделіп отыр.  

 

Спорт
19.09.2026
Жүздеген теміржолшылар «ҚТЖ марафоны – Сіз де қатысыңыз» VI-шы қайырымдылық марафонына қатысты
Жаңалықтар
19.09.2026
Астанада 320-дан астам теміржолшы сенбілікке қатысты
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Сиань – Алматы халықаралық туристік пойызы Алматыға келді
Жолаушылар тасымалы
19.09.2026
Ұлттық тасымалдаушы пойыз билеттеріне 20%-дан 30%-ға дейін күзгі жеңілдік ұсынады
Жаңалықтар
18.09.2026
Үздік белгі беру және байланыс дистанциясы
Жүк тасымалы
18.09.2026
«Қазтеміртранс» АҚ-ның Ақмола филиалы астық жинау науқаны кезінде астық тасымалдауға дайын
Инфрақұрылым
18.09.2026
Қызылорда облысында үш теміржол вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
18.09.2026
Қарағанды – Сұрыптау станциясында орталықтандыру дөңесі жаңғыртылуда
Жаңалықтар
18.09.2026
ҚТЖ вокзалдарды жаңарту бойынша ауқымды бағдарламаны іске асыруды жалғастыруда
Жаңалықтар
18.09.2026
Қазақстандық делегация Қытайда өткен «Бакту– 2026» форумына қатысты
Трансформация
18.09.2026
Электровоз зауытына саяхат
Аймақтар
18.09.2026
Жаңашылдық тиімділікке бастайды
Әлеумет
18.09.2026
Теміржолшы әйелдер форумы өтті
Аймақтар
18.09.2026
Шу теміржолшылары ардагерлерді ұлықтады
Жаңалықтар / Мұрағат
18.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №74 18 қыркүйек 2026 жыл
Әлеумет
17.09.2026
Достық станциясында теміржолшыларға арналған жатақхана жаңартылды
Жаңалықтар
17.09.2026
Локомотив шаруашылығы қысқы кезеңге дайындалуда
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды