Осы жылдың басынан бастап 2100-ден астам вагон жоспарлы жөндеуден өтті, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Төрт айдың ішінде депо жөндеуі 1497 жүк вагонына жүргізілсе, 665 жүк вагоны күрделі жөндеуден өтті.

Жоспарлы 1942 вагонның орнына жыл басынан бастап 2162 вагон жөндеуден шығарылды – жоспар артығымен 111 %-ға орындалды.

Жоспарлы жөндеу түрлерінің сапасы – пайдаланудағы вагон паркінің техникалық жай-күйінің көрсеткіштерінің бірі болып саналады. Сондықтан «Қазтеміртранс» АҚ вагон паркін сенімді жағдайда ұстауға ерекше көңіл бөледі.