Балташевтар әулетінің лайықты ізбасары

Жаңалықтар
14.04.2017, 15:06

Аягөз өңірінде есімдері күллі республикаға әйгілі теміржолшылар  шыққан династиялар көп. Балташевтар әулеті солардың бірі. Түп негізін Түрксібтен қалаған династия өкілдерінің қазіргі таңда төртінші буыны желі бойында еңбек етуде. Сала көнекөздерінің көзін көрген, қызметтік тәрбиесінде болып, тәлімін терген, бүгінде аға буын арасында озық қызметімен үлгі болып жүрген білікті мамандардың бірі Аягөз станциясы кезекшілігінің операторы Майра Балташева осы әулеттің өкілі. Майра Жұмағалиқызының теміржолда қызмет атқарып жүргеніне биыл аттай 33 жыл болыпты. Желі бойында 40 жылдан аса еңбек еткен әкесінің өсиетімен осы салаға келген екен. Аға-інілері де түгел теміржолшылар. Әулеттің ең кіші буыны Аягөз локомотив пайдалану депосында машинист.   –Біздің династияның барлық мүшелеріне тән қасиет тек бір ғана мекемеде 40 жылдан аса қызмет атқару екен. Менің де еңбек өтілім осылай өрбуде. Алғаш станция кезекшілігіне келгенде ерекше қуанғаным есімде қалыпты. Содан бері бұл жауапты міндет өмірімнің өзегіне айналды, – дейді Майра Жұмағалиқызы. Аягөз станциясы қашан да қарбаласқа толы. Қос тараптағы диспетчерлерге тиісті жауап қайтару, ахуалға байланысты өкім беру, пойыздардың келу-кету тәртібін бақылау, тіркеу, машинистерді ескертулермен құлақтандыру сынды аса жауапты жұмыстардың ортасында жаңылыспай жұмыс істеудің өзі оңай емесі белгілі. Қызметтік үстелінің қарсы бетіндегі микротаблоға қарап отырып, вагон айналымын алақандағыдай бақылауда ұстап, станция ғана емес, вокзал мен ТЧЭ-25, бөлімшемен де тығыз байланыс жасап отырған Майра Жұмағалиқызының сабырлы да салқынқанды қимыл-қозғалысына қарап, «темірдей төзімді теміржолшылар» деген осындай-ақ шығар деген ой келеді еріксіз... Осы жайлы мінезі мен бауырмал қасиеті үшін  басшылық көбінесе жас мамандарға тәлімгерлікке бірден Майраны ұсынады екен. Бұл ретте осынау жылдар аралығында Майра Жұмағалиқызының ақыл-кеңесін алған теміржолшылар легі жетерлік. –Алдыңғы толқын өкілдерінің бай тәжірибесінен өнеге алу, тіпті, болмағанда теміржол тақырыбында мәслихат құрудың өзіндік ғанибеті бар. Бұл ретте біздің станциямызда әйгілі династия өкілдері, қызметтік салада өмірден көрген-түйгендері жетерлік мамандар баршылық. Солардың арасында еңбек жолы отыз жылдан енді асса да Майра Жұмағалиқызын кейінгі толқын өкілдері өнеге көзі тұтады. Өйткені  ол Балташевтар әулетінің лайықты ізбасары, – дейді Аягөз станциясының бастығы Қуаныш Әміренов.    

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Аягөз

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі