Су басқан аймақтар: құтқару жұмыстары жүріп жатыр

Жаңалықтар
18.04.2017, 10:13
Қазақстан аймақтарында көктемнің келуімен су басу қаупі жүріп жатыр. Қазір көптеген елді мекендер топан сумен кұресіп, адамдарды қауіпті аудандардан шығару жұмыстары жүріп жатыр. Оның ішінде, әрине  теміржолшылар да бар. Өткен аптадан бері Семей, Ақтөбе және Қарағанды өңірінің теміржолшылары қызыл су құрсауында қалған аймақ тұрғындарына көмек қолын созып, құтқару  жұмыстарына  білек сыбана кіріскен.  Демалыс күндері «Қарағайлы – Қарағанды» бағдары бойынша  «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» филиалы тарапынан бөлінген арнайы вагондармен  660 адам қауіпті ауданнан шығарылып, тасымалданған. Сонымен қатар, сол жерге жақын станциялардан жолаушыларды мейлінше көптеп тасуға қала маңы электропойыздары жұмылдырылған. Мәселен, №6857/6858 «Астана – Қарағанды – Астана» бағдарындағы пойызбен 171 адам тасымалданған.  Бүгінде Ақмола облысына қарасты Аршалы ауданында су шаю сияқты төтенше жағдайдың туындауына байланысты Волгодоновка ауылдық округіне қарасты 42 разъезд тұрғындарын көшіру үшін тағы да үш жолаушы вагоны бөлінгенін хабарлап отыр «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. Ал Ақмола облысының Атбасар ауданында 15 сәуірде су бұзып өткен бөгет телімін қайта қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Су басқан аймақтан 150 адам дін аман шығарылған. Ірілендірілген Атбасар жол дистанциясына қарасты көпір шеберінің көмекшісі Сәбит Ақмаровтың айтуынша, су басқан аймақта теміржолшылардың үйлері де орналасқан екен. Бүгінде сан түрлі қызметтің тізгінін ұстаған атбасарлық теміржолшылар темір жол техникаларымен бірге су басқан аймақ тұрғындарын және олардың заттарын шығарып, тасымалдауға күні-түні тынбай қолғабыс етуде. Апатты жағдайға тап болған теміржолшылар тума-туыстарының үйлерін паналауға мәжбүр болып отыр.    Судың шаюына қарсы шаралар Ақтөбе өңірінде де жүргізілуде. Елек өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан бірқатар саяжайдағы үйлер суға кеткен. 300 адам топан су аймағынан шығарылған. Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Мағауия Оразқұлов бөлімшеге қарасты темір жолдар бойына күні-түні қатаң бақылау орнатылғанын, су басу қаупі әзірге жоқ екенін айтып отыр. «Қостанай жағынан су қаупі бар деген ақпар алдық, сол облыспен шектесетін Әйке станциясын қадағалап отырдық, бүгінде ешқандай қауіп жоқ. Бөлімшенің оңтүстік аудандарында, Шалқар станциясында көктемгі байқау жұмыстары басталып кетті. Бүгін сол жаққа жолға шыққанбыз. Ал Мұғалжар таулары баурайында қар толық еріп бітпеді. Сондықтан ол телімдерде көктемгі байқау жұмыстары бір аптаға кейін шегерілді» деген бөлімше басшысы Мағауия Амантайұлы бөлімше шекарасындағы су өткелдері мен көпірлер тазартылып, сел-тоңның өтуіне бар жағдай жасалғанын атап өтті. Қазір ағын сумен күрес Қарағанды облысында да қарқынды жүруде. Қызыл суға  қарсы іс-шараларға 600-ден астам адам және 100-ден астам техника жұмылдырылған. Қара Мұрын станциясында 5 сарай маңы аумағын су басып, 25 адам көшірілген.

Сұлугүл БАКЕСОВА

 
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі