Жұмыла көтерген жүк жеңіл

Жаңалықтар
18.04.2017, 10:18
Оқуға 2 мин
Өткен аптада Семей Жүк тасымалы бөлімшесіне қарасты Талды станциясының су құрсауында қалғанын айтқан болатынбыз.  Демалыс күндері бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев бастаған теміржол басшылары Талдыға тағы барып, зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетті. Көктемгі еріген қар суының бетін қайтаруға алғашқы сәттен бастап жұдырықтай жұмылған семейлік теміржолшылар қауіптің бетін қайтарғанмен, жиналған көлшік су әлі кеткен жоқ. Бірақ су құрсауында қалған Талды елді-мекенінің тұрғындары, бастарына түскен қиыншылықпен жалғыз күресіп жатқан жоқ. Апатты жағдай орын алғалы теміржол басшыларының жарғақ құлақтары жастыққа тимей, оқиға орнында жүргені өз алдына, енді теміржолшылар, кәсіподақ өкілдерімен бірге  қызыл су басқан Талды ауылдық округінің тұрғындарына азық-түлікпен көмек көрсетуді жөн көрген. Гуманитарлық көмек, қайырымдылық акциясына қатысуға ниет білдірген Жаңасемей жол дистанциясының  АСК көлігімен Талдыға жеткізілді. Бұл жолы Талдының жағдайын көзбен көріп, жергілікті халықпен жүздесуге Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов та келді. Теміржол басшылығы, Марлен Көкірекбаевпен бірге магистральді желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежанов, салалық кәсіподақ ұйымы орталық кеңесінің Семей аймағындағы өкілі Алик Досановтар қала әкіміне жағдайды таныстырды. – «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, біз тасқын судан зардап шегіп отырған талдылық әріптестерімізді далада қалдырмай, қысылтаяң шақта қолдан келген қолдау-көмекті беріп жатырмыз. Балалар сабақтарын жалғастырып, үлкен-кіші өз тірліктерімен айналысуда, әйтсе де іргеге дейін келген су қолайсыздық туғызып, бірқатар қиындықтар көрсетіп, қатынас шектеліп отырғаны белгілі. Сондықтан, кәсіподақпен бірлесіп бүгін қажетті азық-түлік алып келдік, – деген бөлімше басшысы теміржолшылар қандай қиын қыстауда да жалғыз еместерін сезінуі қажет деп санайтынын жеткізді. Теміржолшылар атынан көрсетілген гуманитарлық көмек су апатынан зардап шеккен 85-мүшесі бар 16 отбасына теңдей таратылып берілді.   Өз кезегінде қала әкімі Ермак Бидахметұлы көрсетілген көмек үшін барлық талдылықтардың атынан теміржолшыларға алғыс білдірді. 

Ерлан ҒАЗЕЗ, Семей

Жүк тасымалы
09.10.2026
Теміржол көлігімен экспорттық тасымалдар көлемі 7,1%-ға артты
Жаңалықтар
09.10.2026
Атырау филиалы «ҚТЖ» жүйесіндегі үздік әскерилендірілген теміржол күзеті деп танылды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Орта дәлізде жүк ағыны артты: сегіз айда 44,2 мың контейнер тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ желісімен 77 млн тоннадан астам көмір тасымалданды
Жүк тасымалы
09.10.2026
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» 40 жылдан астам еңбек еткен 12 теміржолшыны марапаттады
Цифрландыру
09.10.2026
ҚТЖ теміржол саласын цифрландыру арқылы тасымал тиімділігін арттырмақ
Жаңалықтар
09.10.2026
Кәсіподақтың араласуымен теміржолшылардың әлеуметтік мәселелері шешілуде
Инфрақұрылым
09.10.2026
Атырау теміржолында 29,7 шақырым жол күрделі жөндеуден өтті
Аймақтар
09.10.2026
Теміржол қауіпсіздігін арттырған рационализаторлық жобалар
Аймақтар
09.10.2026
Семей теміржолында ауыз су мәселесі толық шешілді
Жаңалықтар
09.10.2026
ALT университетінің студенттері ҚТЖ нысандарында геодезиялық тәжірибеден өтті
Жаңалықтар
09.10.2026
Арменияда теміржолшылар кәсіподақтарының халықаралық кеңесі өтті
Жаңалықтар / Мұрағат
09.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №80 09 қазан 2026 жыл
Әлемде
08.10.2026
Alstom Вьетнамда метро пойыздарын шығара бастайды
Аймақтар
08.10.2026
Үздік станция кезекшісі зейнетке шықты
Спорт
08.10.2026
Желаяқ теміржолшының жаңа жеңісі
Жаңалықтар
08.10.2026
ҚТЖ темір жол маңында мал жайғаны үшін айыппұлдарды қатаңдатуға бастамашылық етеді
Жаңалықтар
08.10.2026
Қараусыз мал пойыздардың шұғыл тежелуіне себеп болып жатыр
Станция тынысы
07.10.2026
Ғасырдан асқан Шиелі вокзалы: кеше және бүгін
Әлемде
07.10.2026
Түркияда сағатына 250 км жүретін жаңа пойыздардың өндірісі басталды