Адалдық – оның ұстанымы

Жаңалықтар
18.04.2017, 10:36

«Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының жолсерігі Ержан Аденов бір-ақ күнде желіде жұлдыз болып шыға келді. Өткен аптада әлеуметтік желілерде Астана мен Ақтөбе арасын жалғайтын №87/88-ші «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойызының №16-шы вагон жолсерігінің купедегі матрас астына қалдырып кеткен жолаушының кішкентай былғары әмиянын тауып алып, иесіне қайтарғаны жайлы ақпарат тарады.  Дереу ол нұсқауға сәйкес әрекет жасап, пойыз бастығына барып, сол жерде әмияндағы 2 000 000 теңге, банк картасы және басқа ұсақ-түйекке  акт толтырылады. Содан кейін вагонға қайта оралып, жинау жұмыстарымен айналысуға кіріскені сол,  екі өкпесін қолына ұстап, сүрініп-қабынып әмиян иесі келеді.  Ержан оны штаб вагонға ертіп апарып, пойыз бастығы екеуі толтырылған актімен таныстырып,  әмиян шынымен сол адамға тиесілі екеніне көз жеткізген соң қайтарып беріп, ішіндегі ақшасын санап алуды сұрайды. Жолаушы ақшасын санап, барлық затының орын орнында түгелдігіне көз жеткізіп, қуаныштан қайта-қайта алғысын айтып кетеді.   «Адам – пенде» деген, 24 жастағы жолсерік жігіттің бұл әрекетін  әркім әрқалай қабылдап жатқанын әлеуметтік желілерден байқауға болады. Адалдық, сенім-наным азайған заманда оның «тауып алған олжасын» өзіне қалдырмай, иесіне қайтарғанын түсінбей жатқандар да, керісінше әлі де адалдықтың ала жібін аттауды ар көретін жаны таза  азаматтардың бар екеніне сүйсініп жатқандар да баршылық. Біз Ержанды кезекті рейсінен келгенде күтіп алып, сөзге тартқан едік. –Менің теміржолда жолсерік болып жұмыс істеп жатқаныма көп емес, небәрі 1,5 жыл болды. Алматының политехникалық институтын «Машинақұрастыру» мамандығы бойынша бітіріп, сосын Ақтөбеде жолсеріктер курсын тәмамдадым. Мені теміржол саласы, соның ішінде жолсерік мамандығы қызықтырды, – деген Ержан Кеңесұлы бала кезден ата-әжесі мен әке-шешесінің адалдыққа тәрбиелеп, теріс әдет-қылықтан жат болуды үйретіп өсіргенін айтады.  Жолсеріктер межелі станцияға таяған уақытта заттарын ұмыт қалдырмауды әр сапарда ескерткенімен, жолаушылардың ақша, құжаттарынан бөлек, ұялы телефон, ноутбук, сағат сияқты құнды дүниелерін ұмытып кетіп жататын жайттар болып тұрады екен. «Жолаушылар, багаж және жүк багажын тасымалдау» ережесіне сәйкес пойыз бригадасы жолаушылардың жеке заттарының сақталуына жауап бермейді. Сондықтан, жолсеріктер жолаушыларға жол үстінде өз заттарына  мұқият болуды ылғи да ескертіп отырады.  Бүгінде жас жігіт ағылшын тілін жетік меңгеруге күш салуда. Қолы босағанда, білім-біліктілігін жетілдірумен айналысып, өз қызметіне қатысты кітаптарды оқуға ден қояды екен. Жас жігіттің болашағы алда, бағындырар белестері де алда. Ал жолсерік Аденовтың адамгершілігі кім-кімге де үлгі болмақ. 

Сұлугүл БАКЕСОВА

 

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі