«ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Жас теміржолшы!» челленджін іске қосты, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Іс-шара корпоративтік рухты, теміржолшы мамандығының беделін арттыруға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Челленджге «ҚТЖ-Жүк тасымалы» ЖШС қызметкерлерінің отбасыларынан шыққан балалар қатыса алады. Балаларға негізгі мамандық иелері болып табылатын ата-аналарының формалық немесе арнайы киімімен суретке түсу ұсынылады.  

Пост әлеуметтік желіде орналастырылуы керек және де челлендж ережелері бойынша эстафета келесі қатысушыға тапсырылады (оның аккаунтын өз постымен белгілеу қажет). Пост мәтінінде #челленджГП_юныйжелезнодорожник хэштегін көрсету қажет.

Жеке фотосуреттер корпоративтік сайтта және ҚТЖ әлеуметтік желісінде орналастырылады.

Челлендж 31 мамырға дейін жалғасады.