Жазғы жұмыстарға бағдар

Жаңалықтар
18.04.2017, 11:30

Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жыл басынан бергі өткізілген аса ауқымды науқандық шара – көктемгі байқау мәреге жетті. Ақтоғай – Аягөз телімі бойынша басталған маусымдық сын өңірдегі ең ірі тораптық Семей және Жаңасемей станцияларынан аяқталды. Ағымдағы байқау желі бойында нәтижелі жұмыс жүргізілгенін айғақтауда. Яғни, қыстан тосын жағдайларсыз шыққан теміржол мекемелері мен нысандары жазғы мезгілдегі жүргізілуі тиіс межелі шараларға толық даяр. Сонымен қатар, жол шаруашылығы мен өзге де мекемелерді материалдық тұрғыдан қамту және алдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша да жұмыстар пысықталды. Бүгінгі күні мәлім болғандай, желі бойындағы станцияларда шаруашылықтар бойынша айтарлықтай ақаулықтар орын алмаған. Әрине, бірқатар сын-ескертулер тіркелген. Осыған дейінгі ауыстырылған бағыттамалы бұрмалардың сапасы жақсы. Сонымен қатар бірқатар шақырымдардағы жолдың балдық бағалауы да қанағаттанарлық деңгейде. Әйтсе де, биылғы жаздағы жүргізілетін жұмыстар қатары осы тексеру нәтижесінде белгілі болады. Ал, теміржол ғимараттары мен нысандарының күтімі, ішкі-сыртқы әрленуі, санитарлық тазалығы, сала мамандарының жұмыс орнының реттілігі байқау қарсаңында қауырт жүргізіліпті. Толықтай талапқа сай. –Толықтай алғанда, телімдер бойынша жол айрықтары мен станциялардың барлығы да қыстан ауыртпашылықсыз шықты. Ал, алдағы міндет, жазғы жұмыстарды ойдағыдай жүргізіп, келер қысқа даярлық шараларын іркіліссіз жүргізіп, шаруашылықты күшейту. Сонымен қатар, қозғалыс қауіпсіздігін сақтаудағы кәсіби біліктілікті шыңдай түсу, – дейді желі бойын шарлап, тексеру шараларын жүргізген өндірістік-техникалық бөлімнің мамандары. Құжат жүзіндегі нақты нәтижеге келер болсақ, шаруашылықтар бойынша ревизорлар жан-жақты тексерістен соң арнайы қорытынды жасайтын болады. Яғни, биылғы ерте қолға алынған көктемгі байқаудың нәтижесі мамыр айының орта шеніне дейін толық анықталып, тиісті шаралар қабылданатын болады.

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі