Біз жеңбейтін қиындық жоқ...
Жаңалықтар
18.04.2017, 12:45
Семей станциясындағы жүк тасымалы қауіпсіздігін ұйымдастыру бөлімінің жетекші инженері Ләззат Айтмұханованы бүгінде тек Семей жол бөлімшесінің теміржолшылары ғана емес, Ұлттық компания құрамындағы өзге де замандастары жақсы біледі.
Ләззат тек өз кәсібінің білікті маманы ретінде ғана емес, теміржолшы жастарды қоғамдық жұмыстарға тартуда белсенділігі жоғары көшбасшылық қабілетімен де танылған талапты жан. Алматыдағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын тәмамдап, Семей жол бөлімшесіне қызметке орналасқанына сегіз жыл болған жас маман бүгінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ президенті жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің Семей жол бөлімшесі бойынша аймақтық өкілі. Бөлімшедегі теміржолшы жастарды ортақ мақсатта жұмылдыра білген Ләззаттың іскерлігі мен белсенділігінің арқасында соңғы жылдары семейлік жас теміржолшылардың бастамалары көптің көңілінен шығып, «бәрекелді» дегізіп жүр. Әсіресе, бес атаулы мереке атап өтілген өткен жыл семейлік жастар үшін сан қырынан танылған ерекше жыл болды десек қателеспейміз. Республикалық деңгейде өтіп жатқан «Жақсылық жолымен» атты акция Семей өңірінде өте белсенді жүрді. Ләззат Айтмұханова бастаған жастар өткізген «Бала күлкісі станциясы» атты жаңа жобаны бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаевтың өзі қолдап, қайырымдылық шарасының жыл соңына дейін жалғасуына қолдау жасады. Нәтижесінде қаладағы №8 балалар үйінің жеткіншектеріне көп қамқорлық көрсетілді.
– Алғаш бұл бүлдіршіндерді теміржол мұражайын тамашалатып, табиғат аясына серуендетіп көңілдерін аулайтынбыз. Бірде осындай шарадан қайтарда, кішкентай бала «әпкелеп» етегіме жабысып, жібергісі келмеді. Қоштасарда көздерінен мөлт-мөлт еткен жасты көріп, жүрегім ауырып кетті. Содан бері бұл балалар үйін біздің жиі ат басын бұратын орынмызға айналды, түрлі мейрамдарда сыйлықтар тарту етіп, мерекелік концерт қойып, қолдан келген қайырымымызды жасаймыз. Жан жылуына мұқтаж балақайлардың «өскенде теміржолшы боламын» деп бізге ризашылық білдіргенін көрудің өзі неге тұрады?! – дейді өз жұмыстары жайлы пікір бөліскен Ләззат.
Бір бұл емес, Семей жол бөлімшесінің тарихында теміржолшы жастар тұңғыш рет өңірдегі көзі тірі соғыс ардагерлерінің үйлерін аралап, қарттардың мүқтажын орындап, әңгімелесіп, көңілдерін көтеріп, сыйлық таратып шықты.
– Ләззаттың ұйытқы болуымен жүзеге асқан игі шаралар көп. Өнерлі жастардың басын қосып көркемөнерпаздар үйірмесінің қалыптасуына, семейлік көңілді тапқырлар клубы жұмысының жандануына үлес қосты. Республикалық бәсекелерде жүлделі орындар алып келіп жүр. Өзі айтпақшы, оның ұраны – «Біз жеңбейтін қиындық жоқ». Қандай іске болсын батыл кірісіп, нәтиже шығарғанша тыным таппайды, ізденімпаз. Өнегелі ісімен мақтан етуге тұрарлық әріптесіміз, –дейді Ләззат жайлы пікірінде Семей жол бөлімшесі кәсіподақ комитетінің төрағасы Асхат Жармұхаметов.
Сонымен қатар, Ләззат өзі жетекшілік ететін белсенді жастарды да биіктерге жетеледі. Атап айтсақ, 2013 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ бойынша 17 аймақтық өкілдік ішінен үздік үштік қатарына ілікті. Бұл да семейлік жас сала мамандары үшін бұрын-соңды орын алмаған жетістік болатын.
Ләззат өз мамандығы бойынша да қатарының алды саналады. 2012 жылы ІІІ-ші республикалық форумда «Жас кәсіби маман» байқауында «Жүк саласының жас маманы» номинациясы бойынша жүлделі екінші орын алған еді. Таудай талабының арқасында араға екі жыл салып, 2014 жылы аталмыш номинация бойынша бас жүлдені еншіледі. Одан өзге ұлттық компания басшылығы мен бөлімше басшылығынан алған марапаттары бір төбе.
«Жас келсе іске» деген нақыл Ләззат Айтмұханова сынды талапты өрендерге арналып айтылғаны сөзсіз.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Жаңалықтар
17.09.2026
ЕО Орталық Азия арқылы өтетін көлік дәлізіне €12 млрд-қа дейін инвестиция тартпақ
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі