Дала өрті жолшылар күшімен сөндірілді

Жаңалықтар
20.06.2023, 11:08
Оқуға 2 мин
Суретті түсірген автор
Ардақ Ерубаева

Ақтөбе облысы бойынша меншікті тілші

Ақтөбе аймағында маусым айы басталғалы ауа температурасы өте жоғары, 30°-35° ыстық болып тұр. Теміржолдағы өрт сөндіру қызметі тілсіз жаудың тұтану қаупінің алдын алып, теміржол бойын жырту, сақтандыру жұмыстарын жүргізіп келеді.

Жуырда Әйтеке би ауданы Жоса станциясы маңында далалық өрт орын алды. Теміржолдан бір шақырым жерде тұтанған өрт Никельтау жол дистанциясының бастығы Қайрат Тәңірбергеновтің басқаруымен, жолшылар күшімен сөндірілді.  

«Тілсіз жау сол жерде еңбек етіп жатқан жолшылардың дер кезінде қимылдаған қажырлы еңбегі арқасында толықтай ауыздықталды. Өртті сөндіргеннен алдын алған жеңіл. Сондықтан теміржол бойымен шекаралас аудандардың басшыларына, кәсіпкерлерге, жеке қожалықтарға қызметтік хаттар жолдап, өрт қауіпсіздігін сақтауды және төтенше жағдай бола қойған жағдайда тез әрекет ету хабарлануда. Егін ору, шөп шабу науқаны кезінде аудандарды тағы аралап шығамыз», – деді Ақтөбе мемлекеттік емес өртке қарсы қызметінің бастығы Әділ Құбаев.  

Аймақта 14 маусым мен 14 шілде аралығында өрт қауіпсіздігі айлығы өтіп жатыр. Өртке қарсы қызмет мамандары қауіптің алдын алып, кемшіліктерді уақытында түзетіп отыруға шақырады. Ақтөбе бөлімшесіне қарасты 1800 шақырымға жуық теміржол мен оның бойындағы жүздеген нысандардың өрт қауіпсіздігін небәрі 7 адам бақылайды. Әділ Құбаевтың айтуынша, қиындық жоқ емес. Әсіресе техника тапшылығы бар.  

«Қызметтік көлік болмағаннан кейін жолаушы немесе жүк пойыздарына мінуге тура келеді. Нақты тексеріп шығатын жерге тез жету мүмкін емес екендігі белгілі. Десек те, жалақысы аз, жауапкершілігі керісінше көп жұмыста алды 35 жыл, арты 15 жыл еңбек етіп келе жатқан жанкештілер біздің ұжымда», – дейді Әділ Құбаев.

 

Жаңалықтар
16.10.2026
Қазақстан мен Әзербайжан ТХКБ-ны дамыту мақсатында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Жаңалықтар
16.10.2026
Құлсары жол дистанциясы үздік атанды
Инфрақұрылым
16.10.2026
Сапаға кепілдік бар
Аймақтар
16.10.2026
Өндіріске – жүз жаңа тепловоз
Жаңалықтар
16.10.2026
ALT студенттері теміржолда геодезиялық тәжірибеден өтті
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Матай депосында 43 жыл еңбек еткен маман марапатталды
Аймақтар
16.10.2026
Қазақстан мен Ресей кәсіподақтары меморандумға қол қойды
Аймақтар
16.10.2026
Теміржолшылар тарихи жиын өткізді
Аймақтар
16.10.2026
Бір отар қой шығын болды
ҚТЖ келбеті
16.10.2026
Теміржолшылар әулеті үздіктер қатарынан көрінді
Жаңалықтар / Мұрағат
16.10.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №82 16 қазан 2026 жыл
Жаңалықтар
15.10.2026
NEW SILK WAY форумында Орта дәлізді дамыту мәселелері талқыланды
Жаңалықтар
15.10.2026
«NEW SILK WAY» VIII форумында халықаралық көлік дәліздері мен тасымалды цифрландыру талқыланды
Инфрақұрылым
15.10.2026
Ақтөбе облысында Қарауылкелді вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Жаңалықтар
15.10.2026
Вокзалдарда бақылау күшейтілді
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан теміржол транзитін қалай еселемек?
Жаңалықтар
15.10.2026
Пойыз неге рельстен шығып кетпейді? Көпшілік біле бермейтін құпия
Жаңалықтар
15.10.2026
Қазақстан халықаралық теміржол дәліздерін дамыту мәселесін ЭЫҰ елдерімен талқылады
Жолаушылар тасымалы
14.10.2026
4 мыңнан астам бейнекамера ҚТЖ пойыздарында жолаушылар қауіпсіздігін қамтамасыз етуде
Жаңалықтар
14.10.2026
Астанада Translogistica Kazakhstan халықаралық көрмесі ашылды