«Туған елге саяхат» балалар пойызының алғашқы құрамы Қазақстан бойынша қызықты сапарға аттанды

Жаңалықтар
20.06.2023, 19:10
Суретті түсірген Александр Жабчук

Бүгін елордадағы Нұрлы жол вокзалынан «Самұрық-Қазына» АҚ 15 жылдығына орай «Туған елге саяхат» қайырымдылық балалар құрамы өзінің биылғы алғашқы сапарына аттанды. Үш жазғы маусымда 10-15 жас аралығындағы 600 бала Қазақстанның көрнекті жерлеріне барып, экскурсиялық пойызда ұмытылмас демалыс өткізеді.

Салтанатты шығарып салу рәсіміне «Самұрық-Қазына» қорының Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Ләззат Сүлеймен, Қор құрамындағы портфельдік компаниялар басшылары, ата-аналар және БАҚ өкілдері қатысты.

«Сіздер үлкен сапарға шығып барасыздар. Табиғаты таңғажайып жерлерді аралап, еліміздің көрікті мекендерін көзбен көресіздер. Сондықтан үлкен әсер алып, демалыстан көп күш-жігер жинап қайтыңыздар. Біздің міндет – сіздерге бақытты балалық шақты қамтамасыз ету. Сапарларыңыз сәтті болсын!», - деді Нұрлан Жақыпов.

Ол жыл басынан бері бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» арқылы мақұлданған 20 жобаның бюджеті 1,7 миллиард теңге болатын 11-і балаларға арналып, 18 мыңнан астам өскелең ұрпақ өкілін қамтитынын атап өтті. Бұл жобалардың арасында ерекше бүлдіршіндерге қажет оңалту орталықтары, балалар спорт алаңдары, бейімделген спорт үйірмелері, отбасылық аула клубтары және тағы басқа бағыттар бар.

Ләззат Сүлеймен өз сөзінде, Қазақстанда тарихи құрылымдар мен заманауи сәулетпен үйлестірілген табиғаттың бірегей ескерткіштері бар екенін атап өтті. «Біздің елде әрбір қазақстандық бару керек жерлер бар. Сіздерге еліміздің көрнекті жерлерімен танысудың тамаша сәті түсіп тұр. Осылайша кең-байтақ Отанымыздың көрнекті орындарына бару тарихи және сәулеттік ескерткіштерді зерттеудің жаңа бастамасы болатынына сенімдімін», - деді ол.  

Жалпы жас жолаушылар арасында Қазақстанның түкпір-түкпірінен «Өз өңірімді өркендеткім келеді» шығармашылық байқауының жеңімпаздары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының өндірістік кәсіпорындары қызметкерлерінің балалары бар.  

Жоба жүзеге асып келе жатқан жылдары мыңдаған бала туристік пойызда жазғы демалысын әсерлі әрі пайдалы өткізді. Биыл да оқушылар байқауға қатысып, еліміздің ең әдемі жерлеріне тегін сапар шегу мүмкіндігін иеленді. Жаз бойы әрқайсысы 10 күннен 3 кезең ұйымдастырылады. Бірінші бағдар: Астана Нұрлы жол – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай – Астана Нұрлы жол. Саяхат кезінде балалар әр аймақтың тарихымен танысып, жаңа достар табады және арасында дарындарға жол ашылады.

Жобаның басты мақсаты – балаларды жан-жақты дамыту, болашақ мамандықты таңдауға бағдарлау, өз халқының мәдениетіне қанықтыру және де оны қазіргі өмірдің алуан қырына бойлату Жоба, сонымен қатар, балалардың айналаға деген қызығушылығын арттыруға, елдің тарихи және сәулет ескерткіштерін зерделеуге, Отанға деген сүйіспеншілікке баулуға, патриотизмді нығайтуға бағытталған.

Мысалы, Байқоңыр қаласында балалар «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне барып, Байқоңыр ғарыш айлағының мұражайын көреді, тіпті зымыран макетін ұшырады. Саяхат кезінде балалар табиғатта көп уақыт өткізіп, соның арқасында қоршаған ортаға қамқорлық пен табиғатқа жауапкершілікпен қарауға үйренеді.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржылық қолдауымен және ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның қолдауымен, «Әлеуметтік жобалар қорымен» ынтымақтастықта іске асырылуда.

«Туған елге саяхат» пойызы жолаушыларының күнделікті тыныс-тіршілігі туралы ақпарат жобаның Instagram-дағы ресми парақшасында орналастырылады: @tuganelge_sayahat

Анықтама: туристік пойыз 3 маусымда жол жүреді:

1. 20-28 маусым аралығы: Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Бурабай - Астана;

2. 2-11 шілде: Астана – Байқоңыр – Түркістан – Алматы – Алакөл - Астана;

3. 19-30 шілде: Астана – Алматы – Түркістан – Байқоңыр – Ақтау - Астана.

Жаңалықтар
04.09.2026
ҚТЖ: Жапониядан Қазақстанға химиялық өнімдердің алғашқы мультимодальды тасымалдауы ұйымдастырылды
Жаңалықтар
04.09.2026
Ақмола жүк тасымалы бөлімшесі – «Үздік теміржол ұшымы» байқауының жеңімпазы
Аймақтар
04.09.2026
Алматы және Қызылорда өңірлерінде «Қауіпсіз өткел» акциясы өтті
Инфрақұрылым
04.09.2026
Ақтөбеде дуалды оқытудан өткен студенттерге еңбек кітапшасы табысталды
Аймақтар
04.09.2026
Тарихы терең Түрксіб
Станция тынысы
04.09.2026
Исатайда – жаңа вокзал
Қауіпсіздік
04.09.2026
Апаттың алдын алғандар
Қауіпсіздік
04.09.2026
Өз өміріңді тәуекелге тікпе...
Қауіпсіздік
04.09.2026
Тараздық күзетшілер мектеп оқушыларына қауіпсіздік сабағын өткізді
Жаңалықтар
04.09.2026
IQAS – тіл мерекесіне арналған QUIZ
ҚТЖ келбеті
04.09.2026
Заман көшінен қалмаған теміржолшы
Аймақтар
04.09.2026
Қараусыз мал: Маңғыстауда сегіз айда 6 рет мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
04.09.2026
Жаңа оқу жылына – бірге!
Жаңалықтар / Мұрағат
04.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №70 04 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
03.09.2026
Қазақстанның 100 теміржол вокзалында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
03.09.2026
Жыл басынан бері ҚТЖ локомотив бригадалары теміржол өткелдерінде 39 ЖКО алдын алды
Әлемде
03.09.2026
Өзбекстанда пойыз бен жеңіл көлік соқтығысып, төрт адам қаза тапты
Әлемде
03.09.2026
Болгарияда Alstom компаниясының Coradia Stream электропойыздары жолаушы тасымалын бастады
Жаңалықтар
02.09.2026
«Қызылжар – Мойынты» жаңа желісі басты жолының түйісуі аяқталды
Аймақтар
02.09.2026
Ақтөбе облысында жөндеуден кейін Жем вокзалы қайта ашылды