Отардан Шілбастауға дейін...
Жаңалықтар
25.04.2017, 09:58
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде Алматы-1 – Шу желісінде екінші іске қосу кешені бойынша екінші жолдарды салып жатқан құрылысшылары алғашқы жеңістеріне қол жеткізді. Ұзындығы 25 шақырымнан асып жығылатын Отар – Шілбастау аралығы толығымен екі жолды болды.
Бүгінгі таңда қолданысқа беріліп отырған Отардан Шілбастауға дейінгі аралық Алматы – Шу екінші жолдарының екінші іске қосу кешенінің бірінші телімі болып саналады. Оның маңызы зор, өйткені ол Алматы мен Жамбыл жүк тасымалы бөлімшелері арасындағы түйіспе орналасқан Отар телімдік станциясынан өтеді. Пойыздар айырылысқан кезде жолдарда артық аялдамалар болмауы үшін оның кіреберісі сенімді жұмыс істеуі керек. Сол себепті осы 25 километр осы телімдік станцияның сенімді қорғаны болмақ.
Соңғы негізгі жұмыстар №3916 блок-қосынында екі жақты қақпақта үлкен технологиялық «толаскез» кезінде жүргізілді. 11 сағат 20 минутта қозғалыс шаруашылығы мамандары тақ жолда №3-ші Астана – Алматы бағытындағы «Тальго» жүрдек пойызын өткізіп, жұп және тақ жолдар бойынша екі бағытта қозғалысты толығымен жапты. Сөйтіп, желі толығымен құрылысшылар мен пайдаланушылар қарамағына толықтай беріліп, олар өз кезегінде шапшаң және жұмыла жұмысқа кірісті.
Екі бағыттағыш бұрма бөлшектеніп алынды. Жұп жолда жатқан стрелкалардың орнына темір-бетонды шпалдар мен отандық рельстерден тұратын жаңа жол салынды. Үш сағаттық толаскезден соң жұп жол пойыздар қозғалысы ашылды.
Кешке қарай тақ жолда да жол жұмыстары аяқталды. Бәрі де берілген сұлбаға сай жүзеге асты, яғни бағыттағыш бұрманы бөлшектеу, шағыл тас төсеу, балластау, түзету, т.т. Түннің бір уақытына дейін қолданыстағы жолдың салмақ түсетін және байланыс сымын алмастыру жұмыстары орындалды. Бұдан соң таң алдында, дәлірек айтсақ, таңғы сағат 5-те үш тепловозды жұмылдыра отырып, СОБ құрылғыларын тексеру жұмыстарына кірісу жоспарланған болатын. Алайда, күтпеген жерден жаңбыр жауды. Бірақ, құрыштай қайнаған құрылысшылар алған беттерінен қайтпай, түнімен жұмыс істеп, межелі жоспарды орындап шығуға атсалысты. Ал екінші күні бесінде телімде екі бағыт бойынша қозғалыс ашылды.
Ерте көктемде бірінші телімнің берілгеніне ардагер-теміржолшы Қалтай Сәмбетов оң баға берді. Ол алдағы қыркүйек айына дейін Алматы мен Отар арасындағы барлық жол бойында екінші іске қосу кешені бойынша жұмыстардың толығымен аяқталатынына сенім білдірді. Ендеше, барлық желі бойында жолаушылар пойызы сенімді және кедергісіз жүріп тұратын болады. Бүгінде бұл телімде 35 жұп қатынауда.
Дина ЖАЙЫҚ
Ирина БЕКТИЯРОВА
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...