Кемшілікке кеңшілік жоқ
Жаңалықтар
25.04.2017, 11:31
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның Атырау жүк тасымалы бөлімшесінде көктемгі комиссиялық байқау қорытындысы бойынша жиын өтті. Барлық мекеме басшылары мен жауапты мамандар қатысқан жиында бөлімше директоры Бөріхан Беркімбаев көктемгі байқау біраз кемшіліктерді анықтағанын айтты.
Алдымен сөз кезегін алған бөлімше директорының бірінші орынбасары Амантай Жайлығұлов тексеру анықтаған кемшіліктер туралы жан-жақты сараптама жасады, кінәлілердің атын атап, түсін түстеп берді. Амантай Жиенбайұлының айтуынша, станция басшылары, олардың орынбасарлары өз қызметтерінің жауапкершілігін жіті сезінбейді. Мәселен, жекелеген станция басшылары, жұмысты тексеру кезінде бірде-бір кемшілік таппайды. Сөйлесу регламенті сақталмайды, комиссиялық айлық сапасыз жүргізіледі, ДУ-67 журналы дұрыс толтырылмайды, кадрлардың техникалық білімі төмен, т.т.
Атырау вагон пайдалану депосы басшылығы тарапынан қауіпсіздікті ұйымдастыру, қадағалауда кемшілік бар. Көктемгі тексеру комиссиясының жоспарланбаған бақылауы кезінде вагондарды бір адам ғана тексеріп жүрген жайттар орын алған. Мысалы 70 вагонды 20 минут аралықта тексеріп болу міндеттелсе, жалғыз вагон қараушының бұл уақытты еңсере алмасы белгілі. Бұдан өзге Атырау локомотив пайдалану депосы тарапынан да кемшіліктер тізбектеліп айтылды. Машинистерде жайбасарлық бар. Бүгінгі таңда Тальго пойызының жолда жүру кестесі, машинистер тарапынан өте қырағылықты, жауапкершілікті талап етеді. Осыны машинистеріміздің ескере бермейтіні қауіп төндіреді.
–Биыл біздер тексеру кезінде Сағыз, Мақат, Құлсары белгі беру және байланыс дистанцияларында да көп кемшілікті анықтадық. Әсіресе, Құлсары дистанциясының жұмысы сын көтермейді. Олардың міндетіне бұрын Бейнеу учаскесіне дейінгі телім тиесілі болса, бүгінде жаңа жолдың есебінен Мақат – Бейнеу – Тассай учаскелері болып ұзарып, жұмыс ауқымы кеңейгендіктен, игере алмай жатқан сыңайлы. Дегенмен де, теміржолда қатаң талап, темір тәртіп үдесінен шыға білу міндет. Бұдан өзге, комиссия қауіпсіздікке қатысты да бірқатар кемшіліктер анықталды. Қағаз жүзінде болғанмен, іс жүзінде жасалмаған істер бар болып шықты, – деді «Атырау жүк тасымалы»бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Амантай Жайлығұлов.
Сонымен қатар, Ганюшкино, Мақат, Сағыз станцияларына қатысты біраз сын-ескертпелер айтылды. Комиссия құрамын әсіресе, белгі беру және байланыс дистанцияларында орын алған кемшіліктер таңғалдырып отыр.
–Белгі беру және байланыс дистанцияларында биыл көп кемшілік анықталды. Бұл жерде білікті, көп жылдық тәжірибесі бар мамандар отыр. Ендеше неге кемшілік орын алуда, бұның себебі неде? Әскерилендірілген теміржол қызметінің жұмысы тіпті сын көтермейді. Олар теміржол бойындағы қауіпсіздіктің бірден-бір сақшысы болуы міндетті. Өздеріңіз білесіздер, Ақтөбедегі жағдайдан соң, елімізде сары жолақ қауіпті белгісі енгізіліп, қауіпсіздікке аса мән берілуде. Бүгінде әлем бойынша лаңкестікпен күресуде. Осы тұрғыда, жолаушылар мен жүк тасымалын жүзеге асыратын теміржол саласы сақтықты екі есе қатаң қадағалауы қажет. Сіздерде ішкі тәртіп жоқ. Теміржол саласында ұрлық-қарлықтың жиі орын алуы сондықтан, – деген бөлімше директоры кемшілікке кеңшілік болмайтынын, келеңсіздіктерді 1 ай уақыт ішінде түзетуге, әр сала бойынша қауіпсіздікті күшейтуге тапсырма берді.
Нарғыз ҒАБДУЛЛИНА, Атырау
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...