Түрксіб - Шу учаскесінің Аспара станциясында жүк вагондары рельстен шығып кеткеннен кейін тоқтаған пойыздар қозғалысы қайта басталды. 

Оқиға салдарын жоюға Шу және Тараз станцияларының қалпына келтіру пойыздары жұмылдырылды. 

Вагондардың рельстен шығуы нәтижесінде жолаушылар пойыздары тоқтатылған болатын. Жолаушылар тамақпен және ауыз сумен қамтамасыз етілді.

Компания жолаушылардан туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.