Бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін... 

Жаңалықтар
28.04.2017, 15:02
Теміржол саласында сырт көзге еленбейтін, алайда, жауаптылығы жөнінен алғашқы орындарда тұратын аса күрделі қызметтер бар. Бір емес, бір топ маман жұмыла кірісетін, сәл ғана қателіктің өзі кешірілмейтін осынау міндеттер қатарына байланыс және белгі беру саласы кіреді. Семей өңірінде осынау «бірі – бәрі үшін, бәрі – бірі үшін» деген ұранмен еңбек ететін  саланың  жарқын бір өкілі Берікқан Тоқтарханұлы алғашқы еңбек жолын осыдан отыз жылдан аса бұрын бастаған болатын. Алайда, ол үшін нағыз еңбек майданы 1998 жылы ШЧ-29 мекемесінің техникалық құжаттар тобы бөліміне ауысып келген соң басталды. Негізгі міндет – желі бойына сұлбалар жасап, талдамадан өткізіп, Астанадан келетін арнайы нұсқаулықтарға сай құрылым жұмысына жаңашылдықтар енгізу. Бұл ретте, Бекен Қозыбақовтың Абыралы – Жаңасемей, Семей – Локоть, Семей – Шар, Шар – Защита телімдері аралығында елеулі қолтаңбасы бар екендігін өз әріптестері болмаса көпшілік біле бермейді. Яғни, аталмыш желі бойларына электрлендірілген орталықтар құру ісін басынан аяғына дейін жүргізген маман. Бұл шаралардың техникалық сұлбасын әзірлеу, оны Астанадағы сараптама орталығынан бекіттіру, тексеру, кемшін тұстарын ескере отырып қайта әзірлеу жұмыстарына қажырлылық қана емес, темірдей жүйке де қажет екені белгілі. Осындан он-он бес жыл бұрын пойыздар  қозғалысының артуына орай №41 разъезд, Известковый сынды бірқатар станциялар қайтадан ашыла бастаған болатын. Бұл ШЧ мамандарына қосымша жұмыс жүктеп, қауырт жұмыс басталды. Одан бөлек бұрмалары қолмен бұрылып, кілтпен бекітілетін Ауыл, Белағаш, Дүйсекен сынды шағын станцияларда да электрлендірілген орталықтар құрылды.  Осыдан келіп жаңадан сұлбалар әзірлеу қажеттігі туындады. –Бұл жұмыстар айтуға жеңіл болғанымен жүзеге асыруға көп уақыт пен күш-жігер, ұйқысыз күндер мен түндер кетті, жүйке жұқарды. Алдымен сұлба жасау жұмыстары жүргізіледі. Одан өзге станция басына барып даярлық жұмыстарын атқару керек. Ол үшін арнайы бағдарлама жасалады. Яғни, осынау бір ғана қызмет барысы бірнеше күрделі әрі аса жауапты кезеңдерге бөлінеді. Ал, жаңа сұлбаны іске қосу, оны тексерудің өзіне ең азы бір жарым тәулік кетеді. Мұндай күндерде ұйқы көрмейміз. Желі бойына толаскез алып, басшы-қосшымыз бәріміз бірге жұмыла кірісеміз, – дейді Бекен Тоқтарханұлы. Осынау қауырт еңбек майданы 2000 жылдан 2013 жылға дейін жалғасыпты. Осы 13 жыл ішінде қайта ашылған станцияларда жаңа сұлбалар негізінде ЭЦ орталықтары салынып, Семей-Локоть телі бойына микропроцессорлық жүйе орнатылып, оның аясында диспетчерлік бақылауға қосылған болатын. Оның игілігі күні бүгінге дейін айқын сезілуде. Берікқан Қозыбақов білім мен білікке қоса зор интеллектуалдық қарым-қабілетті қажет ететін бұл салаға төселіп, кәсіби маман болудың тіпті де оңай емесін айтады. Бұл орайда, өзіне ұстаздық еткен Семей байланыс және белгі беру дистанциясының марқасқалары атанған  Владимир Власов, Бәзкен Тоқтарбеков, Айдархан Жаманбаев сынды сала озаттарынан көп нәрсе үйреніп өнеге алғанын мақтаныш етеді.  –Ол кісілер жұмысқа жан-тәнімен берілген нағыз «фанаттар» болатын. Шаршауды білмейді, бастаған істі аяқтағанша тыным таппайды. Ұйқы мен күлкіні де ұмытатын кездер болады. Мамандығына шексіз берілген осынау жандардан алғаным көп болды. Мен бүгінде жастарға да ризамын, энергиясы мол, бастамашыл қасиеттері ұнайды, – дейді Берікқан Қозыбақов. Бүгінде аға буын сала маманының өзі де ізбасар шәкірттер тәрбиелеуде екен. Техникалық құжаттар тобы бөліміндегі әріптестері – Марат Құлахметов, Айжан Оспановалар мен желі бойындағы электромеханиктер Серік Жармұхамбетов, Рустам Мұхаметжанов сынды мамандар болашағынан үлкен үміт күттіреді. Белгі беру-байланыс құрылғылары тәулігіне 24 сағат мүлтіксіз қызмет атқарып тұруы тиіс. Телім бойындағы  жылжымалы құрамдар қозғалысы пульт-таблодан айқын көрініп тұратындықтан, бұл – қозғалыс пен қауіпсіздіктің басты негізі. Демек, белгі берушілер тілімен айтқанда «желі бойында ұдайы жасыл жанып тұруы қажет».

Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...