Әріптесін құтқарып қалды

Жаңалықтар
28.04.2017, 15:09
Біздің кейіпкерлерімізді бейбіт күннің батырлары деуге толық негіз бар. Олар қаскөйдің қолынан әріптестерін құтқарып қалды. Бірі – Александр Тушалиев Жамбыл вагон пайдалану депосында вагон қараушы болып 16 жыл еңбек етіп келеді. Ал екіншісі Жамбыл станциясының белгі берушісі Мақсұт Жорақұлов. Ал оқиға қалай болған еді? Кешкілік жұмыс орнында отырған Жамбыл станциясының парк кезекшісі Қошаеваны баса көктеп кіріп келген жас жігіт, қолындағы пышағын себепсіз оңды-солды сермеп, жарақаттай бастайды. Барынша қарсылық танытып, сытылып шыққан ол әріптестерін көмекке шақырып үлгереді. Осы кезде парк басында жүрген Александр Тушалиев пен Мақсұт Жорақұлов көмекке келіп, күдіктіні қолға түсіреді. – Кезекті жұмыс ауысымының соңы болатын. 14 жолға жүк пойызын тоқтатып, қарап шықтым. Кешкілік сағат 20.15-те үйге қайтуға қамданып жатқан едім. Осы уақытта «Құтқарыңдар! Құтқарыңдар!» деген әйел даусын естідім. Байқасам парк кезекшісі Қошаевның даусына ұқсайды. Төртінші бекетке жақындағанымда әріптесіннің қолы және мойны қан болып, жарақат алғанын байқадым. Бұл кезде оның жанына Әскериленген темір жол күзетінің сарбазы келіп, алғашқы көмек көрсетіп жатыр екен. Бізде жеттік. «Мені пышақтап кетті. Оны ұстаңдар!» деді ол. Мен осында келе жатқанда жанымнан қолына шәйнек ұстаған жас жігіт өткен болатын. Оны машинистің көмекшісі деп ойладым. Сөйтсем, әріптесіме пышақ жұмсаған қаскөй сол екен. Жедел оны ұстауға ұмтылдым. Ол шәйнектегі ыстық суды шашып, қолындағы пышағымен ары-бері сермеп қарсылық танытып қаша жөнелді. Осы кезде маған Жамбыл станциясының белгі берушісі Мақсұт Жорақұлов көмекке келген еді. Жедел жұмыс орныма келіп, қолыма балға алып қуа жөнелдік. Бұл кезде күдікті 14-жолда тұрған вагондардың астынан өтіп, ізін суытпақ болды. Сөйтіп, 19-жолға қарай қаша жөнелді. Осы сәтте Мақсұт қолындағы балғамен күдіктінің қолындағы пышақты қағып түсірді. Мен жедел оны ұстап, Әскериленген темір жол күзетінің сарбаздары келгенше ұстап тұрдым. Күдікті жас жігіт, масаң күйде болды. Ал оның осындай әрекетке не үшін барғанын түсінбедім, – дейді Александр. «Шындығында әріптестеріміз көзсіз ерлікке барып отыр. Құдай сақтады. Олар да жарақат алуы мүмкін еді ғой. Күдіктінің ойында не болғаны белгісіз? Сондықтан, жедел көмекке келген екі жігіттің әрекетін ерлікке балар едім. Жақында екі жігітті ЖТ-Жамбыл жол бөлімшесінің директоры Берік Ақшалов қабылдап, сый-сияпат жасады. Енді күдіктіні қолға түсіруде азаматтық жасаған жігіттерді марапаттау үшін облыстық ішкі істер департаментіне ұсыныс жасап отырмыз. Ал белгілі болғаны күдікті 1996 жылы туған жас жігіт екен. Бүгінде Жамбыл станциясындағы желілік ішкі істер басқармасында қамақта отыр. Іс тергелуде. Ол өзінің әрекетін сүйіктісімен ұрысып қалғанымен түсіндіруде. Оқиға кезінде жарақат алған Жамбыл станциясының парк кезекшісі Қошаевның жағдайы жақсы. Медициналық бақылауда. Біз қолдан келген көмегімізді жасап отырмыз» – дейді Жамбыл жол бөлімшесінің Бас инженері Асылхан Тайлақбаев.

Ерман Әбдиев, Жамбыл

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...