Ғасыр жасаған теміржолшы

Жаңалықтар
28.04.2017, 15:13
Соғыс және еңбек ардагері, қандыағаштық теміржолшы Артем Проскурня 100 жасқа толды. Отыз жылдан астам уақыт Қандыағаш байланыс және белгі беру дистанциясында еңбек еткен қарияның ғасырлық тойына Ақтөбе жүк тасымалы бөлімшесінің басшылығы  арнайы барды.  Артем ақсақал тың, денсаулығы жақсы. Қандыағаштағы мейрамханаға өз аяғымен келді. Мерейтой иесін құттықтауға жергілікті билік өкілдері, теміржолшылар қауымы көп жиналды. Дастархан басында ақ тілектер ақтарылып, сый-сыяпат жауды. Ақтөбе жол бөлімшесі басшылығы да өз кезегінде қарияға шапан жауып,  кәсіподақ комитеті мен Алға станциясының басшылары, Қандыағаш жол дистанциясының өкілдері жүрекжарды тілектерін білдірді. Аға буын теміржолшы өкілін Мұғалжар ауданының басшысы Ербол Данағұлов облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан құттықтап, сыйлығын табыстады. Ақсақалдың айтуынша, 1917 жылы дүниеге келген Артем жастайынан жетім қалып,  анасының туыстары бауырларына басады. Мұғалжар мен Алға аудандарында өскен. 20 жасында Түркіменстан жеріне Орта Азиялық әскери округіне әскерге шақырылып, отан алдындағы борышын өтейді. 1941 жылы қараша айында ол Мәскеу түбін қорғау үшін құрылған 11-Красноярский полкіне танк жүргізушісі сапына қабылданады. Өзінің білгірлігімен, батылдығымен көзге түскен жас сарбаз одан кейін де көптеген шайқастарға қатысып, Польша шекарасына дейінгі көптеген ұрыстарға қатысып, жау қолында қалған қалаларды азат етуге атсалысады. Окоптар қазып, құпия нысандарды қорғаған. Старшина ретінде соғыс шебіне талай жасты дайындықтан өткізеді. Тұтқындарды конвоймен жеткізіп отырады. Ұлы Жеңіс күнін Проскурня Белоруссияның батысында Польшамен шекарада қарсы алады. Майданнан оралған соң Артем Проскурня теміржолда еңбек етіп, жұбайы Таисиямен екеуі Валентина, Любовь, Галина есімді үш қыз тәрбиелеп өсіреді.  Бүгінде жүзге келген  қария қыздары мен немерелерінің қамқорлығында,  таза ауада серуендеп, теледидардан күнделікті жаңалықтарды қарайды, көркем фильмдерді жақсы көретінін жасырмайды.   

Асқар Ақтілеу, Қандыағаш

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...