«ISKRATEL» құрылғысы қолданысқа дайын

Жаңалықтар
03.05.2017, 10:28

Теміржолдың сигнализация саласы тағы бір жаңа құрылғымен толықпақ.  Заманауи, сандық технологияның байланыс жүйесі «Iskratel» құрылғысы жақын күндерде Қызылорда белгі беру және байланыс дистанциясында өндіріске енгізіледі деп күтілуде.  «Iskratel» шешімі іс жүзінде тәжірибеден өтіп, сыналған SI2000/SI3000 операторлық класындағы платформаларда орналастырылған заманауи құрылғы болып табылады. Қазіргі таңда дистанцияның байланыс саласы бойынша телім бастығы  Бижан Сәдиев пен өндірістік оқыту шебері Жамбыл Жаманбаев және  аға механик Темірхан Дүйсенбаев  бастаған топ жаңа технология жабдығын тәжірибе  жүзінде сынап, сараптау, жұмысқа дайындығын саралау шараларын жүргізуде. Жалпы белгі беру-байланыс саласының телімі басшысы болсын, механиктер болсын, еңбек өтілі кемі он жылдан асқан,  кейбірі қырық жылдан астам жұмыс жасап келе жатқан тәжірибелі теміржолшылар. –Искрателдің бұған дейін қолданыста болған құрылғылардан ерекшелігі: оның жабдықтарының жинақылығы, байланыс саласындағы заманауи бәсекелестерінен жұмысқа қабілеттілігінің басымдығы, барлық жұмыс ағынының автоматтандырылған жүйемен жабдықталуы және басқарылуы секілді өзіндік ерекшеліктерге толы болуы. Бұған дейін «байланыс каналдарын» қолмен байланыстырып, механикалы түрде қосып-ажыратып жұмыс жасайтын байланысшы-механиктер ендігі жерде автоматты құрылғының жұмысын компьютер арқылы бақылап отыратын болады, бүгінгі таңда сынақ жұмыстары аяқталып, құрылғы қолданысқа берілуге дайын, – дейді жаңа құрылғыны жұмыс бабына дайындау шараларын жүргізіп жатқан мамандардың бірі, телім бастығы Бижан Сәдиев. Осыған дейін дистанцияда «Лампалы әуе желісі байланысы» 1989 жылдарға дейін қолданылса, онан кейінгі уақытта ол құрылғыға қарағанда жетілдірілген «К-60П» байланыс-шкафы жабдықтары өндіріске еніп, жұмыс жасап келген болатын. Енді су жаңа сандық жүйедегі ІР технологиямен жабдықталған әрі оптикалық-талшықты байланыс жүйесімен жұмыс жасауға негізделген заманауи байланыс құрылғысы «Iskratel»  дистанция тіршілігіне тың серпін бергелі тұр.

Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...