Еңбек қорғау күнін атап өтті

Жаңалықтар
03.05.2017, 13:26
Астана электрмен жабдықтау дистанциясында теміржолдағы бірқатар құрылымдық мекемелердің еңбек қорғау инженерлерінің қатысуымен «Ұйымдардағы еңбек қорғау және қауіпсіздік жөніндегі өндірістік кеңес» атты семинар ұйымдастырылды.      28 сәуір – Дүниежүзілік еңбек қорғау күніне орай өткізілген шара флешмобтан басталып, ҚР Кәсіподақшылары федерациясының бас маманы Гүлнар Орақбаева тақырып аясында теориялық және практикалық бағытта баяндамалар жасап, сала мамандарының өз жұмысына қатысты ой-пікірлерін тыңдады. «Еңбек қорғау және қауіпсіздік бойынша өндірістік кеңес: техникалық еңбек қорғау инженерінің құқығы мен статусы» тақырыбын қозғаған спикер еңбекпен байланысты қайғылы жағдайлардың есебі мен зерттелуі, қызмет барысында денсаулығы мен өміріне залал келген қызметкерге өтемақы төлеу туралы түсіндірді. –Семинар өткізудегі мақсат – қайғылы жағдайларды зерттеу, шығындарды өтеу мәселесіне тереңінен тоқталу. Осы бағыттағы заңнамалармен таныстыруды көздейміз, – дейді Г. Орақбаева. Халықаралық Еңбек ұйымының мәліметінше, әлемде күніне өндірісте және кәсібіне қатысты шалдыққан дертінен  шамамен 5 мың адам көз жұмады екен. Жұмысшылардың өлімінің көбі өндірістегі жағдайлардан емес, көбіне кәсібіне қатысты тапқан дерттен болатын көрінеді. Семинарға қатысушылар қаза болған теміржолшыларды бір минут үнсіздік жариялап еске алды. Ал Қазақстан теміржолындағы жағдайға келсек, былтырдан бері теміржолдағы мекемелерде 225 өндірістік кеңес құрылыпты. Еңбек қорғау және еңбек қауіпсіздігі мәселесінде зор маңызға ие кеңес туралы ҚР Жаңа Еңбек кодексінде қарастырылған болатын. Мұны бұл күнде теміржолшылар қолдап отыр. Дегенмен оның жұмыс істеу механизмдерін жетілдіру керек. Көпшілігі кеңес жұмысын жүргізуде қандай да бір кедергілерге ұшырауда. Теміржол кәсіподағынан құралған комиссия мүшелері осы кеңесті құру жайлы әр мекемеге барып, өңірлерге шығып егжей-тегжейлі түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Теміржолдағы өндірісте болатын қайғылы оқиғалар былтыр 2015 жылға қарағанда 6 фактіге азайып отыр. Алдыңғы жылы 31 оқиға болған еді, былтыр 25 жағдай тіркелген. –Әлі де осындай олқылықтарды азайта түсу үшін жұмыс жүргізудеміз. Өткенде британдық мамандар да келіп, еңбек қауіпсіздігі бойынша тексеру жүргізгенде біздегі тәртіп пен тазалыққа жақсы баға беріп кетті. Бүгінгі семинардың да берер көп. Өндірістік кеңес құзыретіне не кіреді, техникалық инспектор дегеніміз кім, олардың білім деңгейі қандай болуы керек, кеңес жұмысы туралы кімге есеп беріледі деген сауалдарға жауап алып жатырмыз, – дейді Қазақстан теміржолы Кәсіподағының Орталық кеңесі еңбек қорғау және бас техникалық инспекторы Қайрат Мұқанов. Оның айтуынша, әр мекемеде өнімді еңбек етіп, жақсы көрсеткіштер көрсеткен инспекторларды ынталандыру жұмыстары жанданып келеді. Семинарды ұйымдастырған «Қазпрофтранс» ҚБ «Астана» филиалының төрағасы Серік Сәрсекеев атаулы күнге орай Жалпыхалықтық кәсіподақшылар конфедерациясының мәлімдемесін оқыды. Семинар арасындағы үзілісте ЭЧ-8 мекемесі ғимаратын аралаған қатысушылар соңғы уақыттары дистанцияда болып жатқан оң өзгерістерді көздерімен көріп, мекеменің бас кеңсесінің ішкі жөндеу жұмыстарына баға берді.

Райхан РАХМЕТОВА

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...