2023 жылдың 7 айында Қазақстан арқылы ТХКБ бойынша жүк тасымалдау көлемі 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 86% өсті және қазірдің өзінде 1,6 млн тоннаны құрады, бұл ретте Қазақстаннан экспорт 1,2 млн тоннаны құрады (өсім 2,5 есе), деп хабарлайды Rail-news.kz.

Бүгінгі таңда Қытай мен Орталық Азия елдерін Каспий, Оңтүстік Кавказ және Түркия арқылы Еуропамен байланыстыратын TХКБ (дәліздің Халықаралық атауы – Орта дәліз) көптеген елдердің назарын аударуды жалғастыруда.

Қазіргі геосаяси жағдайда ТХКБ өсудің негізгі нүктелерінің біріне айналды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бағытты елдің транзиттік және экспорттық мүмкіндіктерін неғұрлым толық іске асыруға ықпал ететін «негізгі байланыстырушы буын» деп атады.