Сіздерді Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығы мерекесімен құттықтаймын!  Адамзатқа қатер төндірген сұрапыл соғыста фашистік Германияның бетін қайтаруға теміржолшылар қаһармандықпен үлес қосты. Жүздеген-мыңдаған теміржолшылар соғысқа аттанып, тылда қалғандар еңбек майданында жанқиярлықтың өшпес үлгісін көрсетті.  Сіздердің соғыста және тылда көрсеткен ерліктеріңіз елге –  мұра, ұрпаққа - ұран!    Бүгінгі таңда Республикамызда 3 мыңға жуық ҰОС ардагерлері мен мүгедектері болса, оның 185-і теміржолшылар. Жеңіс күніне орай Ұлттық компанияның барлық бөлімшелері мен еншілес кәсіпорындарында ардагерлермен кездесулер өтіп, марапаттау рәсімдері өтуде. Сіздердің тәлімгерлік тәжірибелеріңіз бен  ақыл-кеңестеріңізді тыңдап, өздеріңізді құрметтеу – біздің перзенттік парызымыз. Сіздерге ұзақ ғұмыр, зор денсаулық тілеймін!  

Қанат АЛПЫСБАЕВ, 

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ президенті