Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

Жаңалықтар
04.05.2017, 20:20
Биыл  Ұлы Жеңіске 72 жыл. Ал тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерінің құрылғанына 25 жыл. Тарихи дерекке сүйенсек, 1418 күн мен түнге созылып, күллі адамзат баласын қисапсыз шығынға ұшыратып, шексіз қайғы мен қасірет әкелген сұрапыл соғыста Кеңестер одағы бойынша 27 млн адам қаза болды.   Статистикалық деректерге сүйенсек әр тәулікте  14 мың, әр сағатта 588, әр минутта 98 адам опат болған адамзат тарихындағы алапат қырғынға  Қазақстаннан 1,2 млн адам аттанса, соның жартысына жуығы Отанына қайта оралмады. Ерлігімен көзге түскен 500 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанды.  Олардың ең соңғысы, Алматы облысының Үштөбе елдімекенінде тұратын Құрметті теміржолшы И.В. Косенков 2015 жылдың 18 қыркүйегінде қайтыс болды.    Фашист басқыншыларына қарсы соғыста теміржол саласы мен теміржолшылардың өшпес ерлігі аңызға айналған. Майдан мен тылды жалғаған жүздеген-мыңдаған эшелондар соғыс даласына жауынгерлермен қатар оқ-дәрі, азық-түлік тасыса, тылға жаралылар мен соғыс өртінде қалып қойған елді, тұтастай зауыттар мен фабрикаларды көшірді. Соғыс жағдайына көшірілген теміржолшылар мың төрт жүз он сегіз күн мен түн жан алып, жан беріп еңбек етті.  Бүгінде ерлігіне тағзым ету – теміржолшылар үшін дәстүрге айналған қағида.  Бүгінде ҚТЖ-ның барлық аймақтық филиалдарында  қатары жылдан жылға, күннен күнге сиреп бара жатқан Ұлы Отан соғысының және оларға теңестірілген тыл ардагерлеріне құрмет көрсетіп, ұлықтау шаралары жүріп жатыр. Жол басшылары мен кәсіподақ және кадр жетекшілері тоқсаннан асқан қарияларға құрмет көрсетіп, өздігінен жүріп-тұра алмайтын ардагерлердің  үйлеріне барып Жеңіс күнімен құттықтап жатыр.  Астаналық ардагерлер мерекені мамырдың 6 күні «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарасты филиалдар  құрамындағы Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлері Астана вокзалы аумағында орналасқан «Паровоз» ескерткішіне жиналып гүл шоғын қоюдан бастамақ.  Әрі қарай арнайы бөлінген автобустарға отырып «Отан қорғаушылар алаңы» монументіне тағзым етіп,  Мәңгілік алауға гүл шоқтарын қоймақ.  Сондай-ақ, Жеңіс мерекесі қарсаңында «ҚТЖ» ҰК» АҚ Әкімшілік ғимаратының екінші және үшінші қабаттарына соғыс тақырыбындағы фотостенділер, баннерлер орнатылып, теміржолшы соғыс және тыл ардагерлеріне арналған материалдар ілінген.  Бұл күні таңнан «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметкерлері мен Ұлы Жеңіс куәгерлеріне «Жеңіс күні» лентасы таратылып,  теміржолшылар ғимаратының Мәжіліс залында Ұлы Жеңістің 72 жылдығына арналған мерекелік концерт өтеді. Жалпы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «Ешкім де ұмытылмайды, ештеңе де ұмытылмайды» деген ұранмен ҰОС және тыл ардагерлеріне тұрақты көмек жасап келеді. Мәселен, биыл Жеңіс күніне орай  «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен оның еңбек ұжымы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған Ұжымдық шарттың V-бөлімі 11-тармағының 3-ші тармақшасына сәйкес Ұлы Отан соғысына, Қатынас жолдары халық комиссариатының арнайы құралымдарына  қатысушы болып табылатын зейнеткерлерге 30 ең аз есептік  көрсеткіш мөлшерінде қаржылай  көмек берілмек. Сонымен қатар «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы тарапынан Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын  әлеуметтік қолдау мақсатында «Жеңіс» жобасы шеңберінде  мамыр айының 1 мен 31 аралығында барлық санаттағы пойыздың купе вагондарында, сондай-ақ, ТМД аумағындағы барлық қатынастағы «Турист» класындағы вагондарда  және «Тұлпар-Тальго» жүрдек жолаушылар пойыздарының мүмкіндігі шектеулі жандар үшін арнайы жасақталған вагондарында тегін жүру жеңілдігін ұсынған акциялар ұйымдастырылуда.

Сұлугүл Бакесова

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...