Бейбіт күннің бәрі де Жеңіс күні...

Жаңалықтар
04.05.2017, 21:05

Шымкентке жақын Бадам ауылында қалған санаулы соғыс ардагерінің бірі Қалмен Мұратов 93 жаста. Құлағының ауырлап, бір көзі нашарлағаны болмаса қыста мал жайлап, бір ауық далада серуендеп келеді. Алланың берген аманатына, яғни өз денсаулығына күтіммен қарап үйренген. Қас-қабағын бағып, асын алдына тосып отыратын  келініне де көңілі тоқ. Ақсақал оқтан-текте өткен күндерден естелік шертеді. 1942 жылы тамызда он сегізге толысымен әскерге алыныпты. Аягөздегі Сергиополь қалашығында оқу жаттығу курсынан өтіп, кіші сержант шенін алады. Айла-тәсілге үйренген соң, жан-жақтан келген балаларды он бес күнде даярлықтан өткізіп, майданға жібереді екен.  Солай, Қалмен ата да 1943 жылдың қарашасында Бірінші Белорусь майданына кіреді. Жаяу әскер сапында жүре соғысып отырып,  жауды шегіндіріп 1944 жылдың ақпанында Витекбске жетеді. Күні-түні жаяу жортқан сарбаздар ақпанның суығында шаршап боолдырып қалған еді, жау қорғанысын бұзатын Витекбск шайқасында көбі қырылып қалады. Қалмен ата да бір оқ білезік буынына, екіншісі саусаққа тиіп, саусағынан айрылады. Екі ай госпитальде жатып,  екінші топтағы мүгедек атанып елге қайтады. Жас күнінде жұмыс таңдамай, небір ауыр жұмыстарды қиналмай атқарады. Соғыстан қиын боп па тәйірі дейді екен, жұмыс қиын деп сылтау айтқандарға. Соныарқасында абыройсыз болмады. І дәрежелі «Отан соғысы» ордені мен «1941-1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында Германияны жеңгені үшін» медаліне «Құрмет белгісі» мен «Еңбек ардагері» марапаттары қосылды. Ал кейін  «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін тақты.   – 1973 жылы теміржолға аға кондуктор болып жұмысқа орналастым. Ордабасының қиыршық тасын күн сайын 5-6 вагонға арттырып, бір құрам тасты Шымкентке жіберемін. Карьерде вагонға тас саларда қадағалап,  Бадамға келгенде түсіп қалып анықтамасын толтырып, машинистке беремін. Ары қарай тиісті жеріне өзі алып кететін. Он жыл осылай вагонның үстінде жүріп еңбек етіп,  теміржолдан зейнеттік демалысқа шықтым, – дейді ардагер.  Жақында екі бірдей немере қызын қатар ұзатып, көргені той болып жүрген ақсақалдың көңілінде қаяу байқалмайды. Өзі қалағанындай өмір сүріп жатыр. Өзі айтқандай, бейбіт күннің бәрі де Жеңіс күні. Ұл-қыз, үрім бұтағы да алақанға салып отыр. Ұл-қыз демекші, ақсақал айтқан аңызға бергісіз әңгіме қызық көрінді.  Соғыстан кейінгі он жылда бұл отбасында бала тұрмапты. Қатарынан 7-8  шарана шақалақ күйде, тұрғаны  қызылша, шешек ауруына шетіней берген екен. «Құдай бермей жатқан жоқ. Енді денсаулықты күтіп, доғдыры бар жерге көшейік» деген әйелінің ақылымен Бадамға қоныс аударған соң  әулиелі жерлерді аралап, басына түнейді. Ертесіне молда шақырып не аян көргенін сұрайды. Көрген түсін жорып отырып: «Қызды боласың, атын Ақық, ұлды боласың оны Жақып қой. Одан кейін Құдай бала бере береді...» депті. Айтқандай, Ақық пен Жақып бар, шүкір, алты ұл, екі қыз өмірге келіп, бүгінде олардан  31  немере, 19 шөбере сүйіп отыр ақсақал. Бір өкініші, жиырма жыл бұрын серігі өмірден озып, жалғыз қалғаны болмаса, өмірге еш өкпесі жоқ.

 Динар МЕЙІРМАН, Бадам

Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...