"ҚТЖ" ҰК" АҚ - "Магистральдық желі дирекциясы" филиалының вокзал шаруашылығымен қызметкерлер үшін санитарлық-тұрмыстық еңбек жағдайларын жақсарту бойынша кешенді іс-шаралар жүргізілуде.
Өндірістік үй-жайларға жөндеу жүргізіліп, инженерлік желілер жаңартылуда. Жылыту және сумен жабдықтау жүйелерін жөндеу 23 вокзалда орындалды.
Қысқа дайындық аясында магистральдық желінің Қарағанды, Семей, Ақтөбе бөлімшелері шекараларында орналасқан вокзалдардың 11-де электр қазандықтары ауыстырылды. Биылғы жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 8 вокзалға жаңа электр қазандықтары орнатылатын болады.