Семейлік теміржолшылар қарттарға алғыс айтты

Жаңалықтар
02.10.2023, 11:48
Суретті түсірген автор
Қуаныш Қожаев

Абай облысы бойынша меншікті тілші

Семейлік теміржолшылар халықаралық қарттар күніне орай бөлімшеде ұзақ жылдар бойы еңбек еткен сала ардагерлеріне арнап ақ дастархан жайды.  

Жергілікті салалық кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен өткен басқосуға алыс-жақыннан қадірменді теміржолшы қариялар шақырылды. Жиынның беташар рәсімін ашқан бөлімшенің ардагерлер кеңесінің төрағасы, Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітов ашып, замандастарын атаулы күнмен құттықтап, бүгінгі таңда ұлттық компания тарапынан сала ардагерлеріне жасалынып жатқан көмектерге тоқталды. Келесі сөз кезегін алған қалалық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Татьяна Жекенқызы барша қарияларға ізгі тілегін арнады.

Сонымен қатар жиналған қауым алдында бөлімшенің жаңадан тағайындалған директоры Алмас Сейсемқанов сөз алып, тәжірибесі мол аға буын өкілдерінің ақыл-кеңесіне бүгінгі буынның әрдайым мұқтаж екенін жеткізді. Сонымен қатар Семей магистральдық желі бөлімшесінің басшысы Айдын Шәукежанов пен салалық кәсіподақ ұйымы төрағасы Есен Қажығұлов та қариялар қауымына алғыс айтып, ізгі тілектерін жолдады.

Ұйымдастырушылар басқосуды қызықты өткізу үшін қарияларға түрлі викториналық сұрақтар қойып, дұрыс жауабын тапқандарға сыйлықтар таратты.  Ардагерлер өткен күндерден сөз қозғап, жылы естеліктерімен бөлісті. Жас буынға ағалық ақ тілектерін білдірді. Құрметті теміржолшы Қырықбай Әлсейітұлы көпшілікке арнап қазақы дәстүрмен бата берді.

Жергілікті теміржолшылардың өз күшімен әзірлеген концерттік бағдарлама жиын шырайын аша түсіп, қадірменді қариялар үшін бұл күн естен кетпес ерекше сәттердің бірі болғаны анық.    

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті