Астанада «Көлік және логистика» тақырыбында V халықаралық конференция өтіп жатыр

Жаңалықтар
06.10.2023, 11:49
Суретті түсірген Александр Жабчук
Қазақстан теміржолшысы

Отандық көлік апталығы аясында ұйымдастырылып отырған шарада сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды тасымалдау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылауда.

Конференция аясында «TransLogistica Kazakhstan-2023» көрмесі ұйымдастырылған. Көрмеде Әзербайжан, Бела­русь, Германия, Иран, Италия, ҚХР, Қырғызстан, Литва, Латвия, Польша, Ресей, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Финляндия, Эстониядан  200-ден астам компания өз стендтерін ұсынды.

Осы орайда Қазақстан Азия мен Еуропа арасындағы негізгі транзиттік орталық ретіндегі өз ұстанымын нығайтып келе жатқандығын айта кеткен орынды. Қатысушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 40%-ға жуық артқан.

Көрмені ұйымдастыру барысындағы тағы бір ерекшелік – Германия, Қытай және Түркиядан қатысып жатқан компаниялардың көп болуы. Сондай-ақ «TLO GmbH Internationale Spedition» (Германия), «ATTRADING» (Польша), «Logitrans Lojistik A. S.», «Gurkan Nakliyat», Destan Transport» (Түркия) және басқа да компаниялар өз стендтерін алғаш рет ұсынып отыр.

Отандық компаниялардың қатысу көрсеткіші шамамен 40 пайызды құрайды. «Қазақстан Темір жолының» құрамына кіретін компаниялар үлкен ұжымдық стендімен 2023 жылғы экспозицияның сән-салтанатын одан әрі аша түсті.

Жүк тасымалы
09.09.2026
АҚШ-тан Қазақстанға контейнерлік жүк тасымалы ұйымдастырылды
Инфрақұрылым / Инфографика
09.09.2026
ҚТЖ 5,5 мың шақырым темір жолды жаңартты
Әлемде
09.09.2026
CAF-тың гибридті пойызы аккумулятор қуатымен 273 шақырым жүріп өтті
Жаңалықтар
08.09.2026
ҚТЖ және Грузиядан келген серіктестер ТХКБ-ны дамыту барысын талқылады
Жаңалықтар
08.09.2026
Көлік саласына 31 жаңа мамандық қажет
Цифрландыру
08.09.2026
ҚТЖ пойыздарында спутниктік интернетті ауқымды енгізу жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
08.09.2026
Тіл мерекесі ұлықталды
Жолаушылар тасымалы
08.09.2026
Жолаушылар тасымалының үздік ұжымы
Аймақтар
08.09.2026
Жасөспірімнің әрекетінен электровозға 500 мың теңге залал келді
Қауіпсіздік
08.09.2026
Семейлік теміржол күзеті желі бойындағы бақылауды күшейтті
Спорт
08.09.2026
«Қазтеміржолкәсіп-2026»: Қызылорда командасы финалда
ҚТЖ келбеті
08.09.2026
Аягөз – машинистер ұстаханасы
Спорт
08.09.2026
Жамбылдық волейболшылар «ЦЖС кубогында» күміс жүлдегер атанды
Жаңалықтар / Мұрағат
08.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №71 08 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
08.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басшылығының SIPG және NIZE Intelligent Technology өкілдерімен кездесуі өтті
Аймақтар
07.09.2026
Қызылорда теміржолында қозғалыс қауіпсіздігі көрсеткіштері жақсарды
Жүк тасымалы
07.09.2026
ҚТЖ-да биылғы егін астығын тасымалдау талқыланды
Әлеумет
07.09.2026
Жолаушылар пойызына тас лақтырған үш жасөспірім ұсталды
Әлемде
07.09.2026
Қытай Чэнду – Серахс бағыты бойынша жүк пойызын іске қосты
Әлемде
07.09.2026
Францияда алғаш рет аккумулятормен жүретін пойыздар іске қосылды