Жолаушы пойыздары тек толаскез кезінде, сосын төтенше жағдай орын алғанда ғана болмаса, тек кестемен жүруі тиіс. «Шымкент Жол тасымалы бөлімшесі» филиалында 5 сәуір және 5 мамыр аралығында жолаушы пойыздарының кестеден кешіктірілмеуін қадағалау айлығы болып өтті. Оған ірі станциялармен қатар Шымкент – Сарыағаш, Шымкент –Түркістан, Алматы – Орал, Алматы –Маңғышлақ, Астана – Сарыағаш пойыздары тоқтайтын Бадам бекетіндегілер де айлықтың нәтижелі өтуіне атсалысты. Станция бастығы Серік Елмұратовтың айтуынша, жолаушы пойыздарының кестеден не себепті кешігетініне талдау жасалып, таныстырылған. Көбіне толаскез алып, жол жөнделіп жатқанда бір жолды жауып, пойыздарды кезекпен екінші жолмен өткізетін жағдайларда жолаушы пойыздары кестеден кешігеді екен. Сонымен қатар, жолға бөгде адам, мал шығып, машинистің шұғыл тежегішті басуы – тағы бір себеп. Барлық станция кезекшілері жолаушы пойыздарын кестеден кешіктірмеу жөнінде нұсқау алды.  

Құралай МАҚСАТ, Шымкент