Көліктік-логистикалық мүмкіндік талқыланды
Жаңалықтар
12.05.2017, 19:17
«ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы Түркіменстанда өткен Көлік және логистика жөніндегі халықаралық конференцияға қатысты. Шараға көлік саласындағы халықаралық ұйымдар, қаржылық құрылымдар, корпорациялар мен компаниялар қатысты.
Қазақстандық делегацияны бастап барған «ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президент Санжар Елубаев конференцияда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы, 2050 стратегиялық дамуы, 100 нақты қадам жобасына байланысты Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту жайына тоқталды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ қызметіндегі инфрақұрылымды жасақтау, мультимодальдық логистика, жүк тасымалын дамыту туралы баяндады.
2016 жылы Қытай–Еуропа–Қытай контейнерлік тасымалы көлемі екі есеге артқан. Бұл бағдардағы контейнерлік тасымал жоспарлы 94,6 мың ЖФЭ болса, ол 105 мың ЖФЭ жеткізілген. Бүгінгі таңда Компания Қытай мен Еуропа арасындағы 15 транзиттік бағдарға қызмет көрсетеді. Оңтүстік–Шығыс Азия бағдарындағы қолданыстағы «Sea-Air» логистикалық тізбегін «Rail-Аir» көлік өнімімен Дубай арқылы Еуропаға шығарудың жаңа бағдары қарастырылуда. 2016 жылы Амстердам, Стамбул және Мәскеу бағдарына 9 пойыз ұйымдастырылған. ТККБ қатысушылар аталмыш бағдардағы жүк тасымалдауды дамыту жөнінде ұйымдастыру шараларын белсенді жүргізуде. Транскаспий бағдарын дамы-туға жаңа мүшелерді тарту Еуразия құрлығын-дағы контейнерлік және логистикалық қызмет аясын өсіре түседі.
С.Елубаевтың хабарлауынша, Ляньюньган портындағы қазақстандық логистикалық терминал Ұлы Жібек жолы экономикалық белдеуін жаңғыртудағы орталықтардың бірінен саналады. Бұл порт бас-тауын шығыстан алатын Еуразиялық құрлықтық дәліздің Шығыс пен Батыс арасындағы маңызды көпірі.
– Ляньюньган портындағы логистикалық және сауда алаңы орталығын жасақтау –Қазақстанның Орталық Азия, Парсы шығанағы елдері, Түркия, Еуропа бағдарына жүк тасымалдауын дамытуға зор мүмкіндік әпереді, – дейді вице-президент.
Сондай-ақ, ҚТЖ өкілі «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА еуразиялық көлік жүйесіндегі маңызы туралы әңгімеледі. АЭА Қытай мен Еуроодақ, Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ бен Еуропа арасындағы көлік ағынын қамтамасыз ететін ірі өңірлік көліктік-логистикалық хаб болып табылады.
Вице-президенттің айтуынша, жүк жіберушілер Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан осы елдерге халық-аралық жүк тасымалдауға ықпалдастық арқылы жүктің бағасы, жеткізу мерзімі және қауіпсіздігі жөнінен ұтады. Сонымен қатар Қазақстанның Каспий теңізіндегі инфра-құрылымы туралы да баяндады. Ондағы Ақтау және Құрық порттарының ішкі және сыртқы КЛО желілерін жасақтауы және болашақтағы даму мүмкіндігі жайын да сөз етті.
С.Елубаев сондай-ақ, Түркіменстан, Иран темір-жол әкімшіліктері мен Қытайдың Ашхабадтағы көлік коммуникациялық қауымдастығы өкілдерімен кездесуге қатысты.
Тараптар Қытай – Қазақстан – Түркіменстан – Иран бағдарларына тұрақты контейнерлік пойыздар ұйым-дастыру, транзиттік жүк көле-мін арттыру, жаңа бағдарларды игеру мәселесін талқыла-ды. Келісім соңында арнайы
Хаттамаға қол қойылды.
Ескендір АБЫТХАН
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...