БАҒДАР – АНЫҚ, МАҚСАТ – АЙҚЫН
Жаңалықтар
16.05.2017, 10:11
Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінде ҚТЖ басшылығының қатысуымен өткен алқалы жиынға бөлімше директорынан бастап барлық құрылым басшылары қатысты.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Корпоративтік қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті Ерік Имашев бастаған астаналық топ құрамында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ интеграциялық жоспарлау және ақпарат жөніндегі вице-президенті Владимир Петров, «Жолаушылар тасымалы» АҚ президенті Нұрдәулет Қилыбай, «ҚТЖ» ҰК» АҚ Адами ресурстар басқармасының директоры Нұржан Жаппарқұл болды.
Маңғыстау өңіріне жұмыс сапарымен арнайы келген топ түбек теміржолшыларымен кездесіп, жуырда ғана өткен көктемгі байқау қорытындысы, алдағы ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық, оны абыройлы өткізу, бұл тұрғыда теміржолшылар тарапынан көрсетілетін қызметтер, т.т. мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
Наурыздың 29 мен 18 сәуір аралығында өткен көктемгі байқау кезінде бөлімшеге қарасты бүкіл бас жолдар мен станциялық жолдар, жүк қабылдап-жөнелту, сұрыптау жолдары, қызметтік-техникалық ғимараттар түгел тексеріліп, кем-кетіктер анықталып, оларды жою жөнінде жедел шаралар алынғаны жөнінде Маңғыстау жүк тасымалы бөлімшесінің директоры Нәжімеден Ғұбашев басшылыққа жан-жақты баян етті.
Компания вице-президенті Ерік Имашев бөлімше теміржолшыларының қажырлы еңбегін жоғары бағалап, қашан да сенім үлесінен шығып отырған маңғыстаулықтарға басшылық атынан алғыс айтты. Сонымен қатар, вице-президент маңғыстаулық теміржолшыларды Компанияның негізгі қызметінің бағыты мен дамуы, қолжеткен жетістіктерімен таныстырды.
Сондай-ақ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысын уақытында атқару жайлары пысықталды. Оның ішінде Маңғышлақ станциясының вокзал кешенін Астанада өткізілетін көрмеге келуін ұйымдастыру, БАҚ арқылы ЭКСПО-2017 туралы ақпараттарды, стенділер, баннерлер жасау жайының орындалу шаралары талқыланды. Вице-президент бүгінгі таңда «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесін өткізуге компания басшылығы белсенді дайындық жүргізіп жатқанын, көрме кезінде республикамызда қосымша пойыздар жолға шығатынын айта келіп, «Халықаралық көрме қарсаңында қызмет етуге 200 адам арнайы курстан өтті. Қазір вокзал қызметкерлері де арнайы курстарда оқытылып жатқанын атап өтті.
Кез-келген елге, қала, ауданға болсын, сапар вокзал мен әуежайдан басталып-аяқталатыны белгілі. Келетін-кететін жолаушыны қарсы алатын да, шығарып салатын да солар. Халықаралық көрме қарсаңында Маңғыстау вокзалының ішіндегі артық сауда нүктелерінің бәрі жойылып, бүгінгі таңда косметикалық жөндеуден өтіп жатыр. Жолаушыларға сервистік қызмет көрсетуді дамыту жайлы Нұрдәулет Қилыбай баяндап берсе, Нұржан Жаппарқұл әлеуметтік жағдайы төмен отбасылардың балаларына, мүгедектерге грант бөлу, балаларды демалыс орындарына жіберу, мораторий мәселесіне тоқталды.
Кеңес отырысы барысында вице-президент бірқатар тапсырмалар берді. Оның ішінде басты және қабылдап-жөнелту, сұрыптау жолдарын күтіп ұстау жайлары қаралды.
Маңғыстау жол бөлімшесі құрылымдық салаларының басшыларына магистральдық желі жұмысын сапалы жүргізу, пойыздың қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бизнесті трансформациялауды жалғастыру тапсырылды. Жалпы, көктемгі байқауға қанағаттанарлық баға берілді.
Кездесуден кейін жаңа құрылыс нысандарын аралап, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Маңғыстау телімінің ғимаратын, Маңғыстау электрмен жабдықтау, байланыс және белгі беру дистанцияларын, олардағы заманауи жабдықтау мен оқу полигоны, техникалық сыныптармен танысып шыққан қонақтар түстен кейін Бейнеуге аттанып кетті. Онда да жергілікті теміржолшылармен кездесіп, алдағы маңызды науқанға дайындықтары пысықталу жоспарланған.
Әсел ТАҢАТАРОВА,
Маңғыстау
Аймақтар
14.09.2026
Түрксібтің төл туындысына – 95 жыл
Жолаушылар тасымалы
14.09.2026
Пойызда үй жануарларын алып жүру кезінде жолаушы нені білуі керек?
Әлемде
14.09.2026
Ресей теміржолдарында пойыздардың рельстен шығуы мен соқтығысуы 13%-ға артты
Әлемде
14.09.2026
Alstom Канадаға 313 жолаушылар вагонын жеткізеді
Жаңалықтар
14.09.2026
Қызметтік иттердің көмегімен теміржолда 74 есірткі дерегі анықталды
Жаңалықтар
13.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
12.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойызы СҚО дала өртін сөндіру кезінде ТЖД-ға көмек көрсетті
Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді