Сабырхан СЕЙІЛБЕКҰЛЫ, Қызылорда
«Лиза тәте» - тоқсан жаста
Оқуға 1 мин
«Қызылорда жүк тасымалы» бөлімшесі кәсіподақ ұйымы мен аймақтық ардагерлер ұйымы Елизавета Бекпенбетованы 90 жасымен құттықттады.
Кезінде бөлімшенің №4 балабақшасында тәрбиеші, меңгеруші болған Елизавета әжейдің шын аты-жөнін екінің бірі біле бермейді. Орта буын теміржолшылар үшін ол - «Лиза тәте». Бүкіл аймақ теміржолшыларының балаларын тәрбиелеген балалар бақшасында еңбек еткен мейірімді жүзді жаны жайсаң жанды осылай атандырған да сол, кешегі бақша балабақша тәрбиеленушілері, кейін теміржолшы болып қалыптасқан ұрпақ. Бүгінгі таңда ұл-қыздарының қамқорлығында бақытты ғұмыр кешіп, немерелерінің қызығына бөленіп отырған Лиза апай өзін құттықтай келгендерді құшақ жайып қарсы алып, осы күнге аман-есен жеткеніне шүкіршілік айтып, ұжымдастарына алғыс айтып, батасын берді.