Ағымдағы жылдың 26 қазанында сағат 06.07-де Бұқтырма–Заводинка аралығында жүк құрамындағы вагондар рельстен шығып кетті.
Құрбандар болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Пойыз 38 км / сағ жылдамдықпен жүрген (осы учаскеде белгіленген жылдамдық 40 км/сағ).
Апат салдарын жою үшін оқиға орнына Өскемен станциясының қалпына келтіру пойызы жіберілді.
Вагондардың рельстен шығып кетуі басқа пойыздардың жүру кестесіне әсер еткен жоқ.