ЭКСПО билетінің үш түрі ұсынылуда
Жаңалықтар
17.05.2017, 16:42
Астанада өтетін «ЭКСПО-2017»халықаралық көрмесіне атыраулық тұрғындар баруы үшін атыраулықтарға барлық жағдай теміржол арқылы жүйелі жоспарланып, жүзеге асуда.
Елбасы «еліміздің доноры» атаған мұнайлы өңірде де халықаралық көрмеге дайындық қызу жүруде. Қала көшелерінде «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі логотипінің макеттері мен логотиптері ілінген. Жуырда ғана көрме логотипі бейнеленген алаңдарда қаладағы жоғары сынып оқушыларының қатысуымен флеш-моб ұйымдастырылды.
Жайық өңірінің халқын Астанаға тасымалдауға Атырау қаласынан жүретін 11 вагон тіркелген «Каспий» №47/48-ші фирмалық пойызы, №19/20 «Тұлпар-Тальго» пойыздары өздерінің жүру кестесімен Астана мен Атырау қаласына қатынайды. Көрмеге қатысуға облыстан 65 мың адам барады деп болжануда және 150 даярланған еріктілерді жіберу жоспарланған. Бүгіндері Атыраудағы салалық басқармаларды айтпағанда, компаниялар ұжымдық ұйымшылдықпен «ЭКСПО» билетін сатып алуда. Мәселен, «ЕмбіМұнайГаз» АҚ-нан 1 мыңнан аса адам Астанада өтетін көрмеге баратындықтарын айтып хат жолдаған көрінеді. Көрмеге билеттер «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде, «Baizaar» сауда, ойын-сауық кешенінде және «Меломен» дүңгіршіктерінде сатылуда. Бүгінгі таңда облыс бойынша 8 мыңнан астам билет сатылған.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның Батыс филиалы Атырау телімінің басшысы Ақылбек Бұрханнадинұлының айтуынша, тепловоздың сырты мен вагон іші «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі логотипімен безендірілген. Бүгінде «ЭКСПО» билеттері теміржол билеттерімен бірге жеңілдікпен сатылуда. Қазіргі күні жүзден аса бронь жасалған. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ тарапынан Атырау мен Астана қалалары бағытында «ЭКСПО-2017» көрмесіне облыс халқы еш қиындықсыз баруы үшін арнайы пойыз шығады деген сөз бар.
Атырау облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысының орынбасары Қарлығаш Бекбаеваның берген мәліметіне сүйенсек, кешенді қызмет темір жол арқылы жүзеге асырылады.
Жолаушы теміржол кассаларынан бағасы 2000 теңгеден жоғары тұратын (қосымша ақыға) «Жолаушылар тасымалы» АҚ пойыз билеті және ЭКСПО билетін құрайтын кешенді қызмет түрін сатып ала алады. Халыққа «ЭКСПО» билеттерінің 3 түрі ұсынылады. Таратып айтсақ, тұрақты уақыттағы жұмыс күніне арналған «ЭКСПО» билеті – яғни, жолаушының көрмеге қатысуы үшін жұмыс күндер ішінен нақты уақытты таңдау қажет болады. Екіншіден, тұрақты демалыс күніне арналған «ЭКСПО» билеті – яғни, жолаушыға демалыс күнгі нақты уақытты таңдау қажет болады. Үшіншіден, кез-келген демалыс күнінің ашық уақытындағы билет – мұндай ЭКСПО билетімен жолаушы кез келген демалыс күні көрмеге қатыса алады.
Кешенді қызмет түрін алған кезде жолаушы 1600-ден 4000 теңгеге (ЭКСПО билетінің түріне байланысты) дейінгі көлемде қаржысын үнемдей алады.
Он адамнан артық жолаушылар тобы үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ-на өтініш жолдау арқылы қызметті рәсімдеуге болады.
Біз Атырау вокзалында жол жүру құжатымен бірге көрмеге билет алып жатқан Мира Бердешованы жолықтырдық.
–Астана қаласында өтетін «ЭКСПО-2017» көрмесіне бару үшін анама, құрбыма, барлығы жеті адамға билет алдым. Астанада 10 күндей боламыз. Еліміз үшін тарихи оқиғаға айналар шараны өз көзімізбен көріп, ару қаланы тамашалап қайтуға асықпыз. Теміржол кассасының билетке қосып, көрмесіне айтарлықтай жеңілдікпен билет сатуды жолға қойғаны бізді қуантып отыр, – деп пікірін білдірді ол.
«Сөз жоқ, «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесі – бұл Қазақстан үшін жаңа энергетикаға, «жасыл» технологияға ие болудың таптырмас мүмкіндігі. Осы арқылы Астана жер жаһанға соңғы жетістіктерді паш етіп қана қоймай, осында дүниеге келетін жаңа дүниелердің орталығына айналмақ. Халықаралық көрменің ойдағыдай өтуіне бүгінгі таңда ел жүрегі Астанадан бастап барлық аймақ белсене жұмыс атқаруда. Бұл жауапкершілікті жұмысқа ел экономикасының күретамыры теміржол саласы да өз үлесін қосуда.
Тұрсын ҚАЛИМОВА, Атырау
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...