Кемшілік те, жетістік те бар
Жаңалықтар
17.05.2017, 16:56
Ағымдағы жылы 3 мен 14 сәуір аралығында Семей жүк тасымалы бөлімшесі бойынша жазғы мезгілдегі жылжымалы құрамдар қозғалысы мен тасымал мауымына әзірлікті пысықтайтын көктемгі байқау өтті.
Ақтоғай-Аягөз телімінен басталып, Жаңасемей-Дегелең телімімен аяқталған осынау сынақ барысында бөлімше теміржолшыларының қызмет қарқынын айғақтайтын бірқатар тың мәліметтер мағлұм болды. Ол жайында жуырда өткен селекторлық кеңес барысында бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев кеңінен тоқталып айтып өтті. Мәлім болғандай, кешенді тексеру шаралары барысында бірқатар кемшіліктермен қатар жетістіктер де анықталған. Әйтседе, байқау барысында ақаулықтар мен жұмыс барысындағы олқы жайттарға бірінші кезекте баса назар аударылыпты. Бұл ретте қызметтік-техникалық нысандарды талапқа сай ету, жұмыс орындарын лайықты әзірлеу, өрт қауіпсіздігін сақтау және мамандар біліктілігін кәсіби тұрғыдан шыңдау қажеттігі анықталды. Сондай-ақ, қолдағы техникалар күтімі мен теміржолшыларды арнайы құрылғылармен қамтамасыз етуде де іс қарқынын ширату керектігі мәлім болған.
Негізі, семейлік теміржолшылардың көктемгі байқауға жоғары деңгейде даярлық жасағандары белгілі болған. Ғимараттар мен шаруашылық нысандары маңында сенбіліктер өтіп, абаттандыру ісі жүргізілген.
Бөлімше басшысы айтып өткендей, осынау сынақ барысында бірқатар сын-ескертпелер де орын алыпты. Оның ішінде, магистральдық желі бойынша 1092 ескерту бар. Қуантарлығы сол - бұл көрсеткіш өткен 2016 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 87-ге азайған. Сол тәрізді жол шаруашылығында 726 ескерту жасалынып, былтырғы жылмен салыстырғанда 23 ескертуге азайған.
Сыннан қорытынды шығару бойынша белгі беру және байланыс саласы ерлеп тұр. Себебі, аталмыш қызметтік сала бойынша биылғы ескертулер 88-ге азайған. Осыған қарап, Семейдегі және Аягөздегі ШЧ басшылары мен мамандары өткен жылғы байқау нәтижесін есепке ала отырып, қарқынды жұмыс жүргізгенін аңғаруға болады.
Сонымен қатар, бөлімше мекемелері арасында еңбекті қорғау саласы бойынша да ескертулер қатары өткен жылмен салыстырғанда анағұрлым төмендепті.
Дегенмен, электрмен қамту шаруашылығы, қозғалыс және техникалық құжаттандыру салаларына сын айтылған. Сонымен қатар, екі аптаға созылған көктемгі байқау барысында 40 тыйым салу шарасы қабылданған. Оның барлығы да өңірдегі жол шаруашылығына тиесілі. Бірқатар телімдерде жылжымалы құрамдар жылдамдығы шектелетін болады.
Байқау қорытындысы бойынша бірнеше станция басшылары мен желі бойындағы жекелеген мекемелер жетекшілеріне ескертулер жасалынды. Ендігі аралықта олар анықталған кемшіліктерді аз мерзім ішінде толықтай жоюлары қажет.
Қуаныш ҚОЖАЕВ, Семей
Станция тынысы
17.09.2026
Талас станциясының бүгінгі тынысы
Аймақтар
17.09.2026
Семей станциясында қауіпті өткелдер бақылауға алынды
Әлемде
17.09.2026
Өзбекстанда Қытайдың екінші CRRC пойызы қатынай бастады
Жаңалықтар
17.09.2026
Отар – Шу учаскесіндегі оқу-жаттығуға өрт сөндіру пойызы қатысты
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...