Атырау қысқа дайын

Жаңалықтар
06.11.2023, 11:26
Суретті түсірген автор
Қосұйым Мұқашев

Атырау облысы бойынша меншікті тілші

Пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігі, темір жолдағы барлық құрылымдық бөлімшелердің қысқа дайындығы – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Жуырда Атырау өңірінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ «ҚТЖ – Жүк тасымалы» Орталық аппараты жанынан құрылған комиссия тексеру жүргізіп, бірқатар кемшілікті анықтады.

«ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Бас директоры Владимир Петровтың төрағалығымен өткен қорытынды жиналыста мәлім болғанындай, Атырау қосалқы бөлімі мен магистральдық желі бөлімшесі бойынша барлығы 221, оның ішінде еңбек қорғау бойынша 67 ескерту анықталған. Тексеру көрсеткендей, станция басшылары стандартты емес жағдайларда станция кезекшілерінің әрекетіне жеткілікті түрде бақылау жасамайды, пойыздық және техникалық құжаттамаларды толтыруда кемшіліктер жіберіледі, техникалық сабақтар сапасы төмен, т.т. пойыздардың қозғалыс қауіпсіздігін сақтауда және технологиялық процестерді орындауда кемшіліктер бар. Соның әсерінен жылдамдықты шектеп, жолды ағымдағы күтіп-ұстау бойынша 2 тыйым салу шарасы алынды. Қыста қармен күрес, қарды тежейтін шарбақтарды жөндеу, жолдың жоғарғы қабатын тазалау бағытында да сын-ескертпелер бар. Сондықтан жол шаруашылығы бойынша жұмысшылар өз міндеттеріне аса жауапкершілікпен қарауы қажет.

Дегенмен, комиссия жолды күтіп-ұстау бойынша жетістікті де анықтапты. НЖС-13 бойынша 9 айда балдық жоспар 118% орындалған, 100 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп, 37 жиынтық жаңа темірбетон бағыттамалы бұрма ауыстырылған. 25 шақырым жолға орташа жөндеу өтіп, 32 жиынтық бағыттамалы бұрма ауыстырылған. Сонымен қатар кейбір жерлерде темірбетонды шпалдарды сынып қалуына байланысты алмастыру қажет. Мәселен, Мұқыр-Жантерек, Кенбай-Жамансор учаскелері аралығында күрделі жөндеу кезінде салынған бетон шпалдар жарылып, олар дистанция жұмысшыларының күшімен ағаш шпалмен алмастырылып, бұл жерлерде жылдамдық Тальгоға 70, жолаушы пойызына 60, жүк пойзына 50 шақырым белгіленген.  

ШЧ-8, ШЧ-9, ШЧ-11 белгі беру және байланыс дистанцияларында СОБ, КТСМ құрылғыларына қызмет көрсету, технологиялық процесс кестесін орындау үшін автокөлік паркін жаңарту қажет. 30-40 жылғы әбден ескірген көліктер жүр, 2008 жылдан бері жаңа автотехника мүлдем келмеген. Ал электрмен жабдықтау дистанциясы бойынша Ганюшкин, Афанасьево станцияларында қосалқы электр станцияларды күрделі жөндеуден өткізіп, ПСО кабельдерін 49 жылға шыдайтын АС-35-ке алмастыру қажеттігі ескертілді. Жұмысшыларға жағдай жасау бағытында барлық станцияларда, вагон және локомотив деполарында ескірген жиһаздарды жаңарту, сүтпен қамтамасыз етуде бірқатар сын-ескертпелер айтылды. Ал бөлімше қысқы-жазғы арнайы киім және жеке қорғаныс құралдарымен 100% қамтылған. Барлық құрылымдық бөлімшелерге комиссия анықтаған көптеген кемшіліктерді түзету тапсырылды.

Тұтастай алғанда, комиссия бақылау-тексеру қорытындысы бойынша «қанағаттанарлық» деп бағалап, Атырау қосалы бөлімі мен магистралдық желі бөлімшесінің шаруашылықтары мен кадрлық құрамы қысқы мерзімде жұмыс жасауға дайын деген қорытындыға келді.  

 

Аймақтар
23.08.2026
Ақтөбе вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
23.08.2026
Қостанай облысында Тобыл вокзалын қайта жаңарту аяқталды
Аймақтар
21.08.2026
Арыс станциясында болашақ жүргізушілерге машинист көзімен темір жол көрсетілді
Жолаушылар тасымалы
21.08.2026
ҚТЖ «Нұрлы жол – Арқалық» пойызының қатынау мерзімін жыл соңына дейін ұзартты
Трансформация
21.08.2026
Машинажасау саласы қалай дамуда?
Инфрақұрылым
21.08.2026
Жетіген – Құрөзек: екі учаске жаңғыртылды
Аймақтар
21.08.2026
Шу теміржолшылары мен полиция бірлескен рейд өткізді
Аймақтар
21.08.2026
Атырауда «Қауіпсіз өткел» акциясы аясында 8 өткелде рейд өтті
Аймақтар
21.08.2026
Үздік вагон депосы – Маңғыстауда
Аймақтар
21.08.2026
Шалқар жол дистанциясы аумағында жыл басынан бері 5 мал басу оқиғасы тіркелді
Әлеумет
21.08.2026
Білім күніне базарлық
Әлеумет
21.08.2026
Есте қалатын ерекше күн
Жаңалықтар
21.08.2026
Донорлар қатары артуда
Жаңалықтар / Мұрағат
21.08.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №66 21 тамыз 2026 жыл
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ станцияларды басқарудың жаңа цифрлық платформасын енгізуде
Трансформация
20.08.2026
Қазақстанда локомотив пен вагон өндірісі еселеп өсті
Инфрақұрылым
20.08.2026
Ақшолақ – Үшбұлақ аралығында ауыр жол техникасын қолдана отырып, темір жолы сауықтырылуда
Жаңалықтар
20.08.2026
Қазақстан Орталық Азияның теміржол желісін жаңғыртуға негізгі үлесті қосуда
Жаңалықтар
20.08.2026
ҚТЖ ALT University-мен ынтымақтастықты дамытуда
Әлемде
20.08.2026
Қытай 2026 жылдың алғашқы жеті айында жолаушылар ағыны бойынша жаңа рекорд орнатты