Жаңартылған кадр саясаты – басқару модельдерінің бағдары

Жаңалықтар
17.11.2023, 12:02

«ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның кадрлық әлеуетін дамыту стратегиясы басты мақсатқа – қызмет тиімділігін арттыруға қол жеткізуге мүмкіндік беретін сенімді тетіктерді құруға бағытталған. Бұл, әсіресе, компания инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ауқымды жоспарларды жүзеге асырып, мегажобаларды енгізіп жатқан кезде өте маңызды.

Алдыңғы кадр саясатының қолданылу мерзімі 2019-2029 жылдарға көзделген. Ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ және еншілес ұйымдар үшін компанияның адам ресурстарын басқаруды дамытудың негізгі тәсілдерін, қағидаттарын, талаптары мен бағыттарын айқындайтын негізгі құжат болды.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ қолданыстағы кадр саясатын іске асыру үшін «ҚТЖ» ҰК» АҚ әртүрлі бизнес-бағыттары қызметінің ерекшелігі мен айрықшалығын ескере отырып, адам ресурстарын басқарудың әрбір бағыты бойынша егжей-тегжейлі көрсету үшін өзге ішкі құжаттар әзірленіп, бекітілді.

Компанияның жаңартылған Даму стратегиясы; «Самұрық-Қазына» АҚ жаңартылған кадрлық саясаты; компанияны ұлттық көлік-логистикалық компанияға айналдыру және ESG практикасын енгізу кадрлық саясатты өзектендіру мен әзірлеудің алғышарттары болды.

Бұл ретте, «ҚТЖ» ҰК» АҚ қолданыстағы кадр саясатын өзектендіру үшін филиалдар мен еншілес ұйымдарда адам ресурстарын басқару процестері бойынша орталық аппарат басшылары мен жауапты қызметкерлердің қатысуымен стратегиялық сессиялар өткізілді.

Мұндай стратегиялық сессиялар ESG және IR практикаларын ескере отырып, кадр саясатының бағыттарын негіздейтін және айқындайтын бірыңғай мақсаттар мен бастамаларды әзірлеуге мүмкіндік берді.  

Кадр саясатының тұжырымдамасына мынадай HR бастамалары кірді: Корпоративтік мәдениет және ESG-практика; HR бизнес-әріптестік және HR-функцияны дамыту; Қызметкерлердің таланты мен әл-ауқатын басқару; Цифрландыру және HR-талдама.

Сондай-ақ, компания БҰҰ Жаһандық шартының (UN Global Compact) мүшесі бола отырып, адам құқықтарын, еңбекті қорғау қауіпсіздігін және қызметтің барлық аспектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды сақтай отырып, халықаралық еңбек ұйымы конвенцияларының қағидаттарын енгізуді жалғастырады.

 

Жаңалықтар
11.09.2026
ҚТЖ-да Ардагерлер кеңесінің отырысы өтті
Жаңалықтар
11.09.2026
Теміржолшылар «Қауіпсіз өткел» акциясымен 127 өткелді қамтыды
Аймақтар
11.09.2026
Семейде күзгі тасымал күрт өсті
ҚТЖ келбеті
11.09.2026
Таспа талдау – қауіпсіздік кепілі
Қауіпсіздік
11.09.2026
Оқушыларға теміржолдағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
Аймақтар
11.09.2026
Жаңаөзен вокзалында ардагерлер бұрышы ашылды
Аймақтар
11.09.2026
Арыс станциясында Алаш көсемінің мұрасы дәріптелді
Жаңалықтар
11.09.2026
Үздік вагон депосы
Жаңалықтар
11.09.2026
Қозғалыстағы пойызға жармасқан азаматтар машинисті шұғыл тежеуге мәжбүр етті
Жаңалықтар / Мұрағат
11.09.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №72 11 қыркүйек 2026 жыл
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ темір жол инфрақұрылымын қысқы жағдайдағы жұмысқа дайындауда
Қауіпсіздік
10.09.2026
Мұнай қоймасынан өрт шықты
10.09.2026
ҚТЖ электр энергиясын беру тарифін өзгертеді
Әлемде
10.09.2026
Еуропадағы ең үздік 10 теміржол вокзалы
Әлемде
10.09.2026
InnoTrans 2026 көрмесінде 120-дан астам теміржол көлігі таныстырылады
Жаңалықтар
10.09.2026
ҚТЖ локомотив паркі 159 жаңа локомотивпен толықты
Жаңалықтар
09.09.2026
Тоқаев Қазақстанды Еуразияның көлік-логистикалық хабына айналдыру міндетін атады
Жаңалықтар
09.09.2026
ҚТЖ өрт сөндіру пойыздары екі өңірде табиғи өрттерді сөндіруге көмек көрсетті
Жаңалықтар
09.09.2026
Көлік нысандарында есірткі қылмысына қатысы бар 7 шетелдік анықталды
Жаңалықтар
09.09.2026
Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемі 8 айда 22%-ға өсті