Арсен Байзақ, Жамбыл
Өрт қауіпсіздігі ескерілді
Оқуға 1 мин
Жамбыл жол бөлімшесінде алдағы жаз айларында болат жолдың бойында өрт қауіпсіздігін ескеру жағдайын тағы бір пысықтау мақсатында жиын өтті.
Жамбыл жол бөлімшесі директорының бірінші орынбасары Үмітбек Рысбековтың төрағалығымен өткен жиынға Жамбыл облысы бойынша Төтенше жағдайлар департаменті, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және теміржол мекемелерінің өкілдері қатысты. Жиында Жамбыл магистральдық желі бөлімшесінің бас инженері Жұмахан Урсаров хабарлама жасап, бөлімшеге қарасты мекемелерде өрт қауіпсіздігіне қарсы жүргізіліп жатқан шараларды сөз етті.
Сондай-ақ жазғы маусымда жолдың маңындағы орманды-тоғайлы жерлердегі қауіпсіздік, станция маңындағы алдын алу жұмыстары да пысықталды. Және жол дистанцияларының басшыларына техникамен қамтамасыз ету, қозғалмалы өрт қауіпсіздігі бекеттерінің өрт қауіпті аймақтардағы орналасу тәртібі, теміржол бойының маңындағы жерді жырту, оқу-жаттығу шараларының жоспарын бекіту, болат жолдың бойындағы көпірлердің тазалығы сынды жұмыстарды ширату тапсырылды.
Аталған жиын бойынша жұмыс жоспары бекітіліп, әр апта сайын есеп беріп тұру да назарға алынды.