Күн тәртібінде – еңбек қатынастары мәселесі
Жаңалықтар
19.05.2017, 11:26
Семей жүк тасымалы бөлімшесінде еңбек қатынастары мәселесі талқыға түскен келелі кеңес өткізілді. «ҚТЖ – ЖТ» АҚ-ның адами ресурстарды басқару департаментінің бас менеджері Қамария Әбішеваның төрағалығымен өткен бас қосуда еңбек қатынастары және еңбекті қорғау бойынша қызметкерлер құқықтарын қорғау сөз болды.
«ҚТЖ-ЖТ» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы заң департаментінің 1-ші деңгейлі бас менеджері Руслан Смайлов, компанияның өндірістегі қауіпсіздік және экология департаментінің 3-ші деңгейлі бас менеджері Николай Астапенко, экономика департаментінің 2-ші деңгейлі менеджері Жарқынай Абильдина сынды бірқатар лауазым иелері қатысқан жиын мазмұнды өрбіді. Басқосуға сондай-ақ, бөлімше басшысы Марлен Көкірекбаев пен Семей магистральдық желі бөлімшесінің директоры Айдын Шәукежановтар және өңірдегі салалық кәсіподақ төрағасы Алик Досанов қатысты.
Компанияның жұмыс тобы жергілікті теміржолшылармен кездесу барысында еңбекті қорғау, әлеуметтік тұрғыдан қамтамсыз ету, еңбектегі жетістіктерге орай сыйақы тағайындау сынды бірқатар мәселелер жайында кеңінен сөз толғап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Мұнымен қатар, бизнесті трансформациялау бағдарламасы аясынан туындайтын сауалдар мен ҚР Еңбек кодексіне енгізілген кейбір өзгертулер жайында да айтып өтті.
–Бүгінде шығындарды оңтайландыру бойынша компания біршама нәтижелі жұмыстар жүргізуде. Бұл бағытта кешенді шаралар көп. Мәселен, кейбір тұстарда қаражат үнемдеу арқылы кебір еңбеккерлерді жұмыстан қысқартудан сақтап қаламыз. Ол кейде сыйақылардың есебінен де жүзеге асырылуы мүмкін, – деп атап өткен Қамария Тұрғанбекқызы тоқсандық сыйақы, еңбек төлемі қоры мен үнем мәселесіне кеңінен тоқталды.
Сондай-ақ, жиын төрайымы жекелеген еңбеккерлердің ұсыныс-өтініштеріне, ұжымдық талап-тілектерге де ден қойып, кеңінен жауап қайырды.
Қатысушылар тарапынан айтылған мәселелер қатарында арнайы қызметтік киімдер сатып алу, жұмысшыларға жасалған қолайлылық пен залалдылықты анықтау мақсатында жұмыс орындарын жыл ішінде аттестациядан өткізу, сұрыптау дөңесі кезекшілері мен маневрлік диспетчерлер және 1 класты станциялар кезекшілеріне қойылар талаптарды қайта қарастыру, қызметкерлерді жұмысқа алу барысында сынақтан өткізу, біліктілігін тексеруге қатысты ортақ ереже әзірлеу туралы сауалдар болды.
Бұдан өзге алқалы жиын барысында өндірістегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары да жүргізілді. Бұл тарапта жергілікті мекеме басшылары мен бөлімдердің жетекші инженерлері де сөз алып, пікір білдірді. Локомтив депосының директоры Дәулет Ыдырысов шығыстық теміржолшылардың экологиялық ахуалға байланысты пайдаланар жеңілдіктер көлемін арттыру керектігіне тоқталса, Семей магистральдық желі бөлімшесінің еңбекті қорғау бөлімінің жетекші инженері Жомарт Шапишев қызметкерлерге көрсетілер медициналық көмек тиімділігін жоғарылату, міндетті дәрігерлік тексеруден өту жайы бойынша сөз қозғап, теміржолшылар үшін бұрынғы кездегідей әрбір мекемеден медпункт ашып, өндірістік дәрігерлер тағайындау қажеттігі туралы өзекті сауал көтерді. Бұл пікірлерге жауап қайырған Қамария Әбішева қызметкерлерге шипажайларға жолдама беру мәселесі күн тақырыбынан түспейтінін айта келе, бұл тараптағы кейбір мәселелер тендерлік жұмыстарға тәуелді екенін айта келе, аталмыш бағыттағы жұмыстар әлі де ширатыла түсетінін жеткізді. Сондай-ақ, жалпы денсаулықты сақтау мен нығайту, бұл тараптағы әлеуметтік жеңілдіктер тиімділіктерін еселеу жайындағы өтініш-тілектерді компания басшылығына жеткізуге уәде етті.
Қуаныш Қожаев, Семей
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты