Сексеуілдіктер жүктемесі артқан
Жаңалықтар
19.05.2017, 11:29
Қызылорда жүк тасымалы бөлімшесінің солтүстік нүктесіндегі Сексеуіл станциясының ұжымы қозғалыс қауіпсіздігінің бұзылуына жол бермей, өздерінің функционалды міндеттерін мінсіз атқарып келеді.
Станцияға келген жүк вагондарын ретке келтіріп, құжаттарын рәсімдеп, жөнелтіп отыру кезінде ширақ қимыл мен жедел әрекет маңызды рөл атқаратынын ескерсек, мұнда еңбек ететіндердің басым бөлігін ондаған жыл тәжірибесі бар теміржолшылар құрайды. Сексеуілге жаңа салынған Қоскөл – Сексеуіл телімінің берілуімен станциядағы жұмыстар легі бірнеше есеге артып, станциялықтардың жүтемесі көбейе түскен. Станция бастығы Сапарғали Салмаевтың ұсынған мәліметтері бекітілген жоспар көрсеткіштерінің межеден асыра орындалғанын айғақтайды.
–Сексеуіл 2 класты учаскелік станция болғанымен қазіргі таңда біздер жылжымалы құрамдарды реттеп жөнелту жұмыстарының көптігінен талдау станциясының жұмысын атқарып келеміз. Жауапкершілік артты, еңбеккерлер біріне-бірі демеу болып, өз міндеттерін бірлесіп атқаруда. Станцияға келіп-кеткен жүк вагондарының жетер нүктесіне уақтылы жөнелтілуі мен қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыла жұмыс жасаудамыз, – дейді станциясының бастығы.
Жүзге жуық адам еңбек ететін станция ұжымы өздерінің функционалды міндеттерін мінсіз атқарумен қатар көктемгі комиссиялық тексеруді ұйымшылдықпен атқарып, көктем туғалы маусымдық жұмыстар, қоршаған ортаның ластанбауы мен тазалықты бір қалыпты ұстау үшін үнемі қоғамдық сенбіліктер ұйымдастырып келеді. Станция бастығы ұжымның мақтанышы деуге лайық тәжірибелі теміржолшылар қатарында станция кезекшісі Үбайділда Бәйменовті, маневр диспетчері Октябр Аманқұловты, пойыз құрастырушылар арасында Асылбек Есмамбетов пен парк кезекшісі Рысқұл Қуатовты, техкеңсе операторлары Гүлсім Жапақова мен Сәуле Жүсіпованы, жүк қабылдап-тапсырушы Сарбиназ Иманәлиева мен жүк пойызын қабылдаушы Мұрат Бәйменовтерді атап өтті.
Сабырхан НӘДІРБАЕВ, Сексеуіл
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты