ЭКСПО аясындағы  кешенді қызмет

Жаңалықтар
19.05.2017, 11:53
Астана төрінде өтетін әлем көз тіккен халықаралық көрмеге санаулы күндер қалды. Айтулы шараға тұрғындар үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалы қандай қызметтер ұсынып отыр? Қызмет түрінің тиімділігі қандай? Осы тағы басқа сауалдар төңірегінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Оңтүстік» аймақтық филиалының билет кассалар меңгерушісі Бағдат Тлеуленовамен сұхбаттасқан едік. – Бағдат Алтынбекқызы, ЭКСПО-2017 көрмесі аясында филиал нендей қызмет түрлерін көрсетеді? Олар қарапайым тұрғындарға тиімді ме? – Әрине, көрме жақындаған сайын облыс, қала тұрғындары ғасырда бір болатын тарихи оқиғаны тамашалаумен қатар бас қалаға барып келудің арзан әрі тиімді жолын іздейтіні сөзсіз. Оның үстіне жаз мезгілінде билеттің тапшы болатынын көпшілік айтпаса да біледі. Осы орайда тұрғындарға ұсынылатын қызмет түрін таратып айтар болсақ, біз 60 күн ерте жұмыс жасаймыз. Бұл дегеніміз билеттерді онлайн немесе касса арқылы алдын ала брондау және сатып алу мүмкіндігін ұсынады.  Жаз мезгілінде халықтың пойыз арқылы көп қатынауынан билет тапшылығы орын алады. Ал көрме қарсаңында мұндай қиындықтар мен кедергілердің алдын алу үшін кез-келген адам  үшін билетті ертерек алған тиімді. Оның үстіне, билетті неғұрлым ерте алса, солғұрлым арзан болатыны айтпаса да түсінікті. ЭКСПО аясында біздің филиал екі бірдей жаңа қызмет түрін ұсынып отыр. Алғашқысы, «Кешенді қызмет». Оған темір жол билетімен қатар көрме билеті кіреді. Тұрғындар қалауы бойынша билеттің 3 түрін таңдай алады. Біріншісі, жұмыс күндері тіркелген дата бойынша көрменің билет құны 2399 теңге, екіншісі, бекітілген датамен арнайы бару құны 3485 теңге және үшіншісі, демалыс күндері көрмені тамашалау үшін 4568 теңге төлейсіз. Ал екінші қызмет түрі «Дисконтты карта Астана ЭКСПО» деп аталады. Дисконтты карта құны 9 999 теңге. Ол арқылы жолаушыға «Тұлпар-Тольго»  коммерциялық пойызына 15 пайыздық жеңілдік ұсынылады. Жеңілдік ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін барлық бағыттарға жарамды. Сондай-ақ дисконтты картаға 1 көрменің билеті тегін беріледі. Көрмеге қалаған күні баруға мүмкіндік бар. Бұл қызметтердің тиімділігі сол, тұрғындардың қалтасын қақпайды. Мәселен, басқа жерлерде ЭКСПО-ның билеттерін 4000-8000 аралығында саудаланып жатыр. Ол тек көрме билеті. Бізде тек ЭКСПО-ның билеттері жекеленіп сатылмайды. Біздің филиалдағы мамандар барып-келу жол ақысын есептеп береді. Ал көрмеге барған тұрғындар сол жақтан міндетті түрде тіркелуі керек. Тіркелмеген жағдайда билеттері жарамсыз болып саналады. – Әлеуметтік санаттағы тұрғындарға қандай жеңілдіктер бар? – Мұндай қызмет түрі тек көрме аясында ғана көрсетілмейді. Біздің филиал 2 жылдам астам уақыт жеңілдіктермен жұмыс жасап келеді. «Алтын алқа» және «Күміс алқа» иегерлеріне арналған «Ардақты ана» дисконтты картасы бар. Мұнда 30 пайыздық жеңілдік көрсетілген. «Қамқор» картасы мүмкіндігі шектеулі, І, ІІ, ІІІ топтағы мүгедек жандарға 50 пайыздық жеңілдік қарастырылған. Карта құны – 200 теңге. Ал Ал Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне 99 пайыз жеңілдік, олар тек төсек жабдығына ғана төлейді. Сондай-ақ «Ардагер+» деген картада 50 пайыз жеңілдік қарастырылған. Бұл қатарға ҰОС ардагерлеріне теңестірілгендер, Чернобыль, Семей полигоны, Ауған соғысы, т.т. ардагерлер кіреді. Жеңілдік картасы кезексіз, жылдам әрі тегін жасалынады. Ал 16 мен 25 жас аралығындағы жастарға 30 пайыздық жеңілдікпен «Жастар» картасы ұсынылса, 60 жасқа толған азаматтарға «Құрмет» жеңілдік картасы қарастырылған. Картаның құны – 999 теңге. Алынған күннен бастап 1 жылға жарамды. Әңгімеңізге рахмет.

Сұхбаттасқан Ерман Әбдиев, Тараз

Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ қызметкерлеріне арналған барлық сервис енді бір платформада
Инфрақұрылым
21.07.2026
Ақтөбе облысында вокзалдарды жаңғырту барысы тексерілді
Спорт
21.07.2026
Теміржолшы Эльбрус шыңында ҚТЖ туын көтерді
Жаңалықтар
21.07.2026
ҚТЖ-ның өрт сөндіру пойызы Алматыда өрт сөндіруге қатысты
Қауіпсіздік
21.07.2026
Теміржол өткелдерінде профилактикалық рейдтер жалғасуда
Сұхбат
21.07.2026
Теміржол тарихындағы ең ірі жаңғырту жобасы жүзеге асырылуда
Әлеумет
21.07.2026
ҚТЖ атынан хабарласатын телефон алаяқтары көбейді
Жаңалықтар
21.07.2026
Еліміздің вокзалдарында кедергісіз орта қалыптасуда
Цифрландыру
21.07.2026
Ақтөбе теміржолы цифрландырудың жаңа деңгейіне өтуде
Инфрақұрылым
21.07.2026
ҚТЖ жыл басынан бері темір жолдың 686 шақырымын жаңартты
Жаңалықтар / Мұрағат
21.07.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №55 21 шілде 2026 жыл
Аймақтар
20.07.2026
ҚТЖ компаниядағы мемлекеттік тілдің үлесін 92 пайызға жеткізуді көздеп отыр
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
№81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызында әйелдер вагоны іске қосылады
Инфрақұрылым
20.07.2026
ҚТЖ Дарбаза – Мақтаарал теміржол желісінің құрылысын жеделдетеді
Жолаушылар тасымалы
20.07.2026
«Жолаушылар тасымалы» АҚ ISO халықаралық төрт стандарты бойынша сертификаттарға ие болды
Жаңалықтар
20.07.2026
Өзбекстан мен Қытай Қырғызстан арқылы өтетін теміржол құрылысын бірлесіп бақылайтын болды
Әлемде
20.07.2026
Швейцария рельс арасына орнатылатын күн панельдерін сынақтан өткізді
Аймақтар
17.07.2026
Жақсы теміржол вокзалын жаңарту жұмыстары аяқталды
Жаңалықтар
17.07.2026
Жаздың басынан бастап ҚТЖ теміржолдағы қауіпсіздік бойынша республикалық акциялар өткізуде
Жаңалықтар
17.07.2026
«Қазтеміртранс» АҚ 2032 жылға дейін 13 мың жүк вагонын сатып алады