ҚТЖ жастардың дамуына жағдай жасап отыр

Жаңалықтар
21.12.2023, 12:31
Суретті түсірген Сара Сахынбек
Әділет Мұсахаев

"Қазақстан теміржолшысы" газетінің тілшісі

Елордада «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның ХІІ республикалық жастар форумы өтіп жатыр. Оған еліміздің барлық өңірлерінен ең белсенді және талантты деген 250 қатысушы жиналды. 

Жастар форумын жыл сайын «ҚТЖ» ҰК» АҚ әлеуметтік саясат департаменті ұйымдастырып келеді. Форумның негізгі міндеттері – жас қызметкерлердің зияткерлік әлеуетін көтеру, оларды басым міндеттерді шешуге тарту, сондай-ақ кәсіби, әлеуметтік және мәдени байланыстарды нығайту.

Форумға «100 жас есім», «Жас үздік маман» байқауының қатысушылары, Президент жанындағы Компанияның жастар ісі жөніндегі кеңесі, «ҚТЖ Лигасы» КВН ойындарының финалистері, «Корпоративтік волонтерлік мектебі» байқауының қатысушылары және тағы басқа ұйым жастары қатысты.

Пайдалы форум барысында жастардың біліктілігін арттыратын және жеке бренд ретінде қалыптасуына жағдай жасайтын түрлі тақырыпта тренингтер мен шеберлік сағаттары өтті.

Бизнес тренер әрі сарапшы Мақсат Жансейітов «ҚТЖ Лигасы» КВН ойындарының финалистері мен Президент жанындағы Компанияның жастар ісі жөніндегі кеңесіне арнап «Қоғамдық орында сөйлеу» тақырыбында тренинг өткізді. Форумға қатысып жатқан бұл талантты жастар келешектегі басқарушы мамандар. Сондықтан жастардың жеке біліктілігін арттыру, кез келген жағдайға бейімделе білудің маңыздылығы айтылды. Сондай-ақ ол жастарға өз презентациясын қалай тиімді жасау керек деген мәселеге тоқталып, кеңінен баяндады.  

Тренинг барысында теориялық біліммен қатар тәжірибелік сабақтар да болды, жастар түрлі тапсырмаларды шешу арқылы өз білімдерін шыңдай түсті.  

Тренер Мақсат Жансейітов персоналдың өз біліктілігін арттыру бойынша жұмыс істейді. Әсіресе кадр резервін дайындау, сондай-ақ мамандарды жұмысқа қабылдауда іріктеу  жүргізу мәселесі бойынша көмек көрсетеді. Сарапшы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жастардың біліктілігін арттыруға, мықты маман ретінде өздерін дамыта түсуіне жақсы жағдай жасап отырғанын айтады.

«Теміржолшылармен осымен алтыншы жыл жұмыс істеп отырмын. Барлығы жалындап тұрған жастар, оған қоса көпшілігі өндірісте істейтіні қуантады. Кейбірі өндірісте істеп жүрген жерінен сатылап өсіп жатыр. ҚТЖ жастардың өсуіне жағдай жасап отырғанын атап өту керек. Жыл сайын өткізілетін «100 жас есім» сияқты бағдарламалар жастардың алға ұмтылуына үлкен қолдау болып отыр», – дейді М.Жансейітов.  

Сондай-ақ форум барысында жастарға тиімді басқарудың әдіс-тәсілдері бойынша тренинг өткізілді. Тренер Айжан Қиманова жастарға өз ісін тиімді жоспарлай білудің қыр-сырын үйретті. Айжан Қиманова – өндірісті жоспарлау жобасының авторы. Ол жастарға жұмыс жоспарын құрудың маңыздылығы бойынша мағлұмат беріп, 12 аптаға жоспар құра білудің тиімділігі жайлы айтты.

«Қазір жоспарды 12 айға емес, 12 аптаға деп құрған дұрыс. Өйткені айналамызда бәрі жылдам өзгеріп жатыр, сондықтан оның барлығына тез бейімделе білуіміз маңызды. Бүгін жастарға жетістікке жету, мақсатына тез қол жеткізудің жолы бойынша айтып бердім. Әлем халқының 3-5% ғана алдағы уақытқа жоспар құрады екен. Сол адамдар жетістікке тез жетіп жатыр. Егер халықтың көбі жұмысын дұрыс құрып, жоспарлай білсе, ҚТЖ, жалпы еліміз дами түсер еді. Сондықтан жоспарлай білу жетістікке жетуде басты рөл атқарады», – дейді тренер.

«Корпоративтік волонтерлік мектебінің» мүшесі Мирас Бошаев Қарағанды облысынан келіпті. Биылдан бастап волонтерлікпен айналысады. Негізі Ағадырда электровоз машинисі болып жұмыс істейді. Қолы бос кезінде волонтерлікпен айналысатын жас маман бұл форумның өте пайдалы болғанын айтады.

«Жастар форумынан мотивацияға толы көптеген пайдалы кеңестер алдық. Негізінен адам ашылып, өзін жан-жақты тани білуі керек екенін түсініп жатырмын.  Теміржолшы болған соң жүрген жеріңде теміржол саласы жайлы көбірек мағлұмат беріп, айтып отырудың маңыздылығын түсініп жатырмын. Біз жұмысымыз жайлы көп айтпайды екенбіз, негізі білетініңді өзгелерге де айтып отырған жөн екен. Өзіме волонтерлікпен айналысқан ұнайды. Бұған дейін сыныптастарыммен қайырымдылық қорында жұмыс істедім», – дейді жас маман.  

Жаңалықтар
06.06.2026
«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Қызылорда жүргізушілеріне теміржол өткелдерінен жүру ережелері еске салынды
Жаңалықтар
06.06.2026
ҚТЖ Тrip Optimizer жүйесімен ТЭ33А тепловоздар паркінің 92% - дан астамын жабдықтауды аяқтады
Инфрақұрылым
05.06.2026
Инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда
Цифрландыру
05.06.2026
Жасанды интеллект қолданыста
Аймақтар
05.06.2026
Еңбек түбі – береке
Аймақтар
05.06.2026
Дарынды жүз бала қатарында
Жаңалықтар
05.06.2026
Донор болу – сауапты іс
Әлеумет
05.06.2026
Әрқашан күн сөнбесін...
Жаңалықтар / Мұрағат
05.06.2026
Қазақстан теміржолшысы газеті, №43 5 маусым 2026 жыл
Жаңалықтар
04.06.2026
ҚТЖ осы жылдың мамыр айында локомотивтердің кезекті партиясын алды
Инфрақұрылым
04.06.2026
Қазақстан темір жолында инфрақұрылымды жаңғырту және жөндеу жұмыстары жүргізілуде
Жаңалықтар
04.06.2026
Теміржолшылар мемлекеттік рәміздер құрметіне ауқымды патриоттық флешмоб орындады
Жаңалықтар
04.06.2026
Минскіде Қазақстан мен Беларусь темір жолдары басшыларының екіжақты кездесуі өтті
Жаңалықтар
04.06.2026
Көк Туды көкке көтерген чемпион
Жаңалықтар
03.06.2026
Шымкентте «Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында «Қауіпсіз өткел» республикалық акциясы өтті
Жаңалықтар
03.06.2026
Астанада Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту мәселелері талқыланды
Жолаушылар тасымалы
03.06.2026
ҚТЖ жазғы маусымда төрт қосымша Тальго пойызын іске қосады
Жаңалықтар
03.06.2026
Қазақстан Баку-Тбилиси-Карс темір жолының ресми ашылуына қатысты
Әлеумет
03.06.2026
ҚТЖ Мойынты станциясындағы локомотившілердің еңбек және демалыс жағдайларын жақсартты
Әлемде
02.06.2026
Өзбекстанда магистральдық электровоздарға жаңа қауіпсіздік жүйесі енгізілді