Ортақ тақырып талқыланды
Жаңалықтар
23.05.2017, 11:52
Шымкент магистральдық желі бөлімшесінде көлік прокуратурасы мен көліктегі бақылау комитетінің, Шымкент станциясындағы желілік ішкі істер басқармасы мен әскерилендірілген теміржол күзетінің өкілдері қатысқан жиын өтті.
Онда теміржол бойында адам факторынан орын алатын қиындық-кедергілерді жою, бөгде адамдарды пойыз басу, төрт-түліктің бақылаусыз жүруі, өтпелердегі жол-көлік оқиғалары, жолға жақын заңсыз құрылыс нысандарының салынуы, т.б. мәселелерді бірлесіп шешу жайы сөз болды.
Бөлімше инженері Мұрат Бейдалиев келтрген дерекке сүйенсек, жыл сайын теміржол табанына 10-13 адам түседі екен. Биылғы жылдың бес айында 5 бақытсыз жағдай орын алса, соның төртеуі кісі өлімімен аяқталған. Үш ірі қараны пойыз басып, 3 рет жол-көлік оқиғасы тіркелген. Машинистердің жедел тежегішті басуы көбіне Черноводск – Бадам – Қорғасын – Шымкент – Қызылсай – Манкент аралығында орын алады екен.
Арыс ірілендірілген жол дистанциясының жетекші инженері Б. Рысбеков теміржол бойындағы ұрлықтың азаймай тұрғанына тоқталды. Жалпы Шымкент Магистральді желі бөлімшесі бойынша 2017 жылы 413 мың теңгеге шығын келтірген 15 ұрлық жағдайы тіркеліпті. Өткен жылы Шымкент жол дистанциясында құны 1 млн.500 мың тұратын 87 дана панельді қоршаулар ұрланыпты.
Сондай-ақ жиында теміржол бойының санитарлық тазалығы, жол жағалай қоныстанған тұрғындардың тұрмыстық қалдықтарды жол жиегіне төгетіні, оларға айыппұл салып тәртіпке келтіру үшін қаладағы Еңбекші, Қаратау, Абай, Әл-Фараби аудандары мен темір жол өтетін бес аудан әкімдігіне хат жазылы да сөз болды. Одан бөлек, аталған телім бойында 22 заңсыз өтпенің бар, жол-көлік оқиғалары осы күзетілмейтін өтпелерде болады, құқық қорғау органдары одан хабардар. Ал тұрғын үйлердің жолға жақын салынуының зардабы аз тартылмаса да, бұл даулы мәселенің шешімі табылмай келеді. Енді бұл тұрғын үйлерді теміржолдан алшақтату ісі тек сот арқылы шешілмек. Жергілікті әкімдіктер теміржолға жақын тұрғындардың төрт түлігі бақылаусыз жайылар болса мал иесіне шара қолданатын болды. Осылайша, кездесуге қатысқан тараптар қозғалыс қауіпсіздігінің сақталуына үлес қосуға уағдаласты.
Динар МЕЙІРМАН, Шымкент
Аймақтар
16.09.2026
Семей қаласында теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Әлемде
16.09.2026
Әзербайжан Армения шекарасына дейінгі теміржол құрылысының 75%-ын аяқтады
Жаңалықтар
16.09.2026
Қазақстан мен Корея көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Жаңалықтар
16.09.2026
Астанада VIII «NEW SILK WAY» атты көлік-логистика саласындағы бизнес-форумы өтеді
Апта саны / Жүк тасымалы
16.09.2026
Сегіз айда ҚТЖ желісі арқылы 212,7 млн тоннадан астам жүк тасымалданды
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар мен ТЖД Қарағанды – Ақадыр учаскесіндегі өртті сөндірді
Жаңалықтар
15.09.2026
«ҚТЖ» ҰК» АҚ-да үздік эколог-сарапшылар анықталды
Жолаушылар тасымалы
15.09.2026
ҚТЖ ата аналар мен жасөспірімдерге пойыздағы қауіпсіз жүру ережесін еске салды
Жаңалықтар
15.09.2026
Болгариядағы TХКБ отырысының негізгі нәтижелері
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудың жөндеуден өткен вокзалын тексерді
Инфрақұрылым
15.09.2026
Вокзалдарды жаңғырту жұмыстары жалғасуда
Жаңалықтар
15.09.2026
Нұрлыбек Нәлібаев Маңғыстаудағы стратегиялық нысандардың жұмысымен танысты
Жүк тасымалы
15.09.2026
«Бір белдеу, бір жол»: Жаңа сауда дәліздері қалай дамиды?
Қауіпсіздік
15.09.2026
Қауіпсіздік пен біліктілік бәсекесі
ҚТЖ келбеті
15.09.2026
Қырағы өткел кезекшісі
Аймақтар
15.09.2026
Ақтоғайдан Дегелеңге дейін...
Әлеумет
15.09.2026
Теміржолшыларға қолайлы жағдай жасалуда
Қауіпсіздік
15.09.2026
Балалар қауіпсіздігі – бәрінен қымбат
Жаңалықтар
15.09.2026
Теміржолшылар «Қазтест» сынағынан өтті
Жүк тасымалы
15.09.2026
Елімізде астықты теміржол көлігімен тасымалдау көлемі артты